jasqazaq.kz
Ақпарат агенттігі

Сотталған 17 жастағы жігіт қамаудан босатылды

13 қантар, 15:31
136

Сотталған 17 жастағы жігіт қамаудан босатылды

Ақтөбе облысының соты 15 жастағы қызбен жыныстық қатынасқа түскені үшін сотталған 17 жастағы жігітке қатысты үкімді жеңілдетті. Бұл туралы Tengrinews.kz хабарлайды. 

Мұның алдында бұл оқиға туралы «Не молчи.kz» қоғамдық қорының негізін қалаушы Дина Таңсәрі Facebook желісінде жазған болатын.

2020 жылдың шілдесінде жасөспірімдер үйден бірінші рет қашып кетті. Кейін үйге оралып, бірақ сосын қайта екінші рет қашып кетті. Оларды іздеген кезде қыздың анасы медициналық сараптама жасауды талап етті. Нәтижесінде Нұрасхан есімді жігіт («он алты жасқа толмаған адаммен жыныстық қатынас немесе сексуалдық сипаттағы өзге де әрекеттер») бабы бойынша қылмыс жасады деген күдікпен қамауға алынды.

«Осылайша 2020 жылдың 24 қарашасында ол жігіт үш жылға бас бостандығынан айырылды. Ақтөбе облыстық сотында осы іс бойынша апелляциялық тыңдау өтті. Апелляциялық сотта жігіттің кінәсі толығымен дәлелденді. Алайда заң егер ерекше жеңілдететін жағдайлар болса, жазаны жеңілдетуге мүмкіндікті көздейді.

Сот алқасы жігіттің кәмелетке толмаған жасын, оның осы іске өкінгенін, оң сипаттамасын, жәбірленуші мен оның заңды өкілінің пікірін ескерді. Осыған байланысты сот оған 1 жыл 6 ай бас бостандығын шектеу жазасын тағайындады және оны қамаудан босатты», — делінген хабарламада.

08 қантар, 15:06
«Араб көктемі» көгертпеді
08 қантар, 14:59
Сектадан сақ болыңыз
08 қантар, 14:56
Барынан айырылған әйел
07 қантар, 17:43
Журналист БАҚ-та, мұғалім мектепте жүруі тиіс
18 желтоқсан 2020, 12:05
Ғұн Еділдің әлі ашылмаған ақиқаты
18 желтоқсан 2020, 11:46
Ең арзан қала - ең қымбат баға
18 желтоқсан 2020, 11:36
«Өзіме, балаларыма бостандық сыйлағаныма қуанамын»
18 желтоқсан 2020, 11:25
CNPC International in Kazakhstan: Біздің қызметкерлердің 98 пайызы – Қазақстан азаматтары
Серіктестер жаңалықтары