jasqazaq.kz
Ақпарат агенттігі

Қазақстанда карантин талаптары күшейтілуі мүмкін

13 қантар, 17:53
14

Қазақстанда карантин талаптары күшейтілуі мүмкін

ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі – Бас мемлекеттік санитар дәрігер Ерлан Қиясов ел тұрғындарына үндеу жасап, карантиндік шаралар күшейтілуі мүмкін екенін мәлімдеді. Бұл туралы  ҚазАқпарат хабарлайды.

Оның айтуынша, соңғы айда Қазақстанның бірнеше өңірінде COVID-19 науқастары көбейді. ҚР «жасыл» аймақтан «сары» аймаққа ауысты.

«Соңғы айда Атырау облысында науқастардың 3,7 есеге өсуі байқалады. Алматы обылсында – 1,8 есеге, Қарағанды облысы мен Алматы қаласында – 1,5 есеге өскен. Маңғыстау облысында – науқастар саны 81-ден 315 жағдайға дейін, Түркістан облысында – 102-ден 256 жағдайға дейін, Шымкент қаласында 150-ден 195 жағдайға дейін, Қызылорда облысында 48-ден 135 жағдайға дейін өсу байқалады. Қалыптасқан эпидемиологиялық жағдай ескере отырып, бүгінгі күні халықтың көп жиналуын азайтуға бағытталған карантиндік шараларды күшейту қарастырылып жатыр», — деді Ерлан Қиясов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Сонымен бірге, бас санитарлық дәрігер қазақстандықтарға үндеу жасады.

«Азаматтардың сақтық шараларына немқұрайлы қарауының салдарынан елімізде эпидемиологиялық жағдай нашарлады. Сондықтан, қонаққа бармауға және қонаққа шақырмауға, жеке гигиена және респираторлық гигиена ережелерін сақтауға, қоғамдық орындарда әлеуметтік арақашықтықты сақтауға, медициналық маска тағуға, антисептиктер қолдануға шақырамын», — деді Ерлан Қиясов.

08 қантар, 15:06
«Араб көктемі» көгертпеді
08 қантар, 14:59
Сектадан сақ болыңыз
08 қантар, 14:56
Барынан айырылған әйел
07 қантар, 17:43
Журналист БАҚ-та, мұғалім мектепте жүруі тиіс
18 желтоқсан 2020, 12:05
Ғұн Еділдің әлі ашылмаған ақиқаты
18 желтоқсан 2020, 11:46
Ең арзан қала - ең қымбат баға
18 желтоқсан 2020, 11:36
«Өзіме, балаларыма бостандық сыйлағаныма қуанамын»
18 желтоқсан 2020, 11:25
CNPC International in Kazakhstan: Біздің қызметкерлердің 98 пайызы – Қазақстан азаматтары
Серіктестер жаңалықтары