jasqazaq.kz
Ақпарат агенттігі

«Қазақ хандығы» сериалын Қытайдың компаниясы сатып алды

13 қантар, 16:58
127

"Қазақ хандығы" сериалын Қытайдың компаниясы сатып алды

Режиссер Рүстем Әбдіраштың «Алмас қылыш» (2017), «Алтын тақ» (2019) көркем фильмдерін және «Қазақ хандығы» тарихи телехикаясының екі маусымын Түркия (Duru Filmcilik) және Қытайдың (Magic Fair) дистрибьютерлік компаниялары сатып алды. Бұл туралы Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ хабарламасына сілтеме жасап zakon.kz хабарлайды.

2017 жылы «Алмас қылыш» фильмінің көрсету құқығын Оңтүстік Кореялық Amadeus компаниясы сатып алған болатын.

Бұл жобалар ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысымен, «Қазақфильм» киностудиясында Сentaurus Rustem Abdrashev production компаниясының қатысуымен түсірілген.

Көрнекті жазушы Ілияс Есенберлиннің «Алмас қылыш» романының желісі бойынша түсірілген «Қазақ хандығы» жобасы XV ғасырдағы көшпелі қазақ тайпаларының басын қосқан қазақтың алғашқы хандары – Керей мен Жәнібек сұлтандардың билік құрған кезеңін қамтиды.

Айта кетсек, Youtube желісіне жүктелген «Алмас қылыш» фильмі 7 миллионға жуық қаралым, сондай-ақ, Ресей, Түркия, Америка сынды басқа да елдердің көрермендері қалдырған 12 мыңнан астам пікір жинаған.

Казіргі уақытта тарихи кинодастанның Netflix стриминг платформасында шығуы туралы келіссөздер жүргізіліп жатыр.

08 қантар, 15:06
«Араб көктемі» көгертпеді
08 қантар, 14:59
Сектадан сақ болыңыз
08 қантар, 14:56
Барынан айырылған әйел
07 қантар, 17:43
Журналист БАҚ-та, мұғалім мектепте жүруі тиіс
18 желтоқсан 2020, 12:05
Ғұн Еділдің әлі ашылмаған ақиқаты
18 желтоқсан 2020, 11:46
Ең арзан қала - ең қымбат баға
18 желтоқсан 2020, 11:36
«Өзіме, балаларыма бостандық сыйлағаныма қуанамын»
18 желтоқсан 2020, 11:25
CNPC International in Kazakhstan: Біздің қызметкерлердің 98 пайызы – Қазақстан азаматтары
Серіктестер жаңалықтары