jasqazaq.kz
Ақпарат агенттігі

Әскерге баратын жастардың көзі жарамай жатыр

13 қантар, 13:44
98

Әскерге баратын жастардың көзі жарамай жатыр

Алматыда жасөспірімдерді әскерге шақыру пунктерінде тіркеу басталды. Биыл 17 жасқа толған жеті мыңға жуық жас жігіт сарбаз қатарына қабылданбақ. Мамандар қазіргі жастардың денсаулықтарында айтарлықтай кінәрат жоқ дейді. Тек көзі нашарлағандар көбейіп кетіпті, деп хабарлайды zakon.kz Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап.

Қалада жастарды әскери есепке қою басталды. Биыл жеті мың жас жігітті тіркеуге алынбақ. Сондықтан жоғарғы сынып оқушылары әскери комиссиядан өткізілуде. Алматылық Оспан Ержан Отан алдындағы борышын өтеу азаматтық парызы деп санайды. Сондықтан алдағы уақытта еліміздің ең шеткі шебі, шекара қызметінде болуды армандайды.

Оспан Ержан, 10 сынып оқушысы:

Мен Қазақстан азаматы болғандықтан, мен болашақта өзіміздің елімізді қорғайтын үлкен азамат, іскер болып, патриот болғым келеді. Және Қазақстанның әскери дамуына үлес қосқым келеді.
Әскери-медициналық комиссия мүшелерінің пікірінше, өткен жылдармен салыстырғанда балалардың дене бітімі, ойлау қабілеті жоғарлаған. Денсаулықтарында да айтарлықтай кінәрат жоқ. Қорғаныс министрінің бұйрығына сәйкес, қазір майтабандар да әскерге қатарына алынады екен. Бойлары аласа, салмағы аз балалар азайыпты. Есесіне гаджеттер мен компьютерді жіи қолданғандықтан көру қабілеттері нашарлай бастағандар қатары артқан.

Жапар Төлемісов, аудандық медициналық комиссияның төрағасы:

Кейбір тері аурулары болады. Оларды емдеп жазуға болады. Терапевте де аурулар кездеседі. Гастриті бар, басқа пневманиялар бар. Оларда емдеп жазылып, ертең әскерге дайын болып тұрады. Бірақ, көз дәрігерінде көру қабілеті кішкене нашарлағандар көбейіп келеді.
Қорғаныс істері жөніндегі басқарма өкілдерінің айтуынша, кейінгі жастар арасында әскерге баруға деген қызығушылық артқанын жеткізді. Мамандар жастармен әңгімелесіп, медициналық тексеруден өткізіп, осы рәсімнен сәтті өткендерін іскери есепке қояды. Тіркеуге алынғандардың шамамен 80 пайызы Отан алдындағы борышын өтеуге әзір көрінеді.

Полатжан Халилов, Бостандық аудандық қорғаныс істері жөніндегі басқарма басшысының м.а.:

Жас азаматтарды әскери есепке қоюдың басты мақсаты – олардың саны мен әскерге жарамдылығын анықтау. Білім деңгейі, алған мамандықтары мен физикалық дайындықтарын тексеру. Олардың ішіндегі әскерге жарамдылары ертең 18 жасқа толғанда Отан алдындағы борышын өтеуге шақырылатын болады.
Әскерге шақырту науқаны барысында жастарға әскери қызметтің артықшылықтары мен мүмкіншіліктері туралы айтылады. Қорғаныс министрлігіне қарасты әскери оқу орындарына қабылдау бойынша қосымша насихат жұмыстары жүргізіледі. Қызығушылық танытқандарына әскери оқу орнына қабылдану жолдары да түсіндіріледі.

08 қантар, 15:06
«Араб көктемі» көгертпеді
08 қантар, 14:59
Сектадан сақ болыңыз
08 қантар, 14:56
Барынан айырылған әйел
07 қантар, 17:43
Журналист БАҚ-та, мұғалім мектепте жүруі тиіс
18 желтоқсан 2020, 12:05
Ғұн Еділдің әлі ашылмаған ақиқаты
18 желтоқсан 2020, 11:46
Ең арзан қала - ең қымбат баға
18 желтоқсан 2020, 11:36
«Өзіме, балаларыма бостандық сыйлағаныма қуанамын»
18 желтоқсан 2020, 11:25
CNPC International in Kazakhstan: Біздің қызметкерлердің 98 пайызы – Қазақстан азаматтары
Серіктестер жаңалықтары