jasqazaq.kz
Ақпарат агенттігі

Ақтөбе әуежайына Әлия Молдағұлованың есімі берілді

13 қантар, 11:56
4

Ақтөбе әуежайына Әлия Молдағұлованың есімі берілді

«Ақтөбе» халықаралық әуежайына Әлия Молдағұлова есімі берілді. Бұл туралы  ҚазАқпарат хабарлайды.

«Ақтөбе халықаралық әуежайы» акционерлік қоғамына Әлия Молдағұлованың есімін беру туралы қаулыға ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин қол қойды. Қаулы «Қазақстан Республикасының аумағындағы әуежайларға, порттарға, теміржол вокзалдарына, теміржол стансаларына, метрополитен стансаларына, автовокзалдарға, автостансаларға, физикалық-географиялық және мемлекет меншігіндегі басқа да объектілерге атау беру, сондай-ақ оларды қайта атау, олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту және мемлекеттік заңды тұлғаларға, мемлекет қатысатын заңды тұлғаларға жеке адамдардың есімін беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 5 наурыздағы № 281 қаулысына сәйкес шығарылды.

«Бірнеше ай бұрын ұсыныс енгізіліп, Үкіметке жіберілді. Ұсынысымыз қолдау тапты. Енді Әлия Молдағұлова атындағы әуежай жазбасы ілінеді. Бұл жұмыс бір ай ішінде атқарылады», — деді әуежай директорының орынбасары Ілияс Нұғманов.

Айта кетейік, Ақтөбе әуежайынан күніне 8 рейс ұшады. Алматы, Нұр-Сұлтан, Атырау мен Маңғыстау бағыты бойынша ішкі рейс, айына бір рет Мысырға бір рейс қарастырылған.

08 қантар, 15:06
«Араб көктемі» көгертпеді
08 қантар, 14:59
Сектадан сақ болыңыз
08 қантар, 14:56
Барынан айырылған әйел
07 қантар, 17:43
Журналист БАҚ-та, мұғалім мектепте жүруі тиіс
18 желтоқсан 2020, 12:05
Ғұн Еділдің әлі ашылмаған ақиқаты
18 желтоқсан 2020, 11:46
Ең арзан қала - ең қымбат баға
18 желтоқсан 2020, 11:36
«Өзіме, балаларыма бостандық сыйлағаныма қуанамын»
18 желтоқсан 2020, 11:25
CNPC International in Kazakhstan: Біздің қызметкерлердің 98 пайызы – Қазақстан азаматтары
Серіктестер жаңалықтары