«Қазақ тілі елді біріктіретін күшке айналуы үшін мемлекеттік органдар тілді белсенді қолдануы керек. Мемлекет тарапынан қазақ тілін үйренуге жағдай жасалуы тиіс. Екі қазақ кездесе қалса, орысша сөйлеседі. Олар оны қолайлы санайды. Егер сен қазақ тілін білсең, өз Отаныңды сүйсең, қазақ тілінің жоғалып кетуін қаламасаң, қазақ тілінде сөйлейтіндердің қатарын көбейтуің керек. Көбісі қазақ тілін түсінемін, бірақ сөйлей алмаймын деп жатады. Ұялады. Оларды тіл білмейді деп кінәлай алмаймыз. Тек тіл үйренуіне жағдай жасауымыз керек!».