jasqazaq.kz
Ақпарат агенттігі

Журналист БАҚ-та, мұғалім мектепте жүруі тиіс

07 қантар, 17:43
215

Журналист БАҚ-та, мұғалім мектепте жүруі тиіс

Негізгі мамандығы мұғалім болса да бұқаралық ақпарат құралдарында біршама жыл журналист болып істеген кейбір азаматтардың мектепке оралып, ұстаздық қызметтеріне қайтадан кірісіп жатқандығын естідім. Бұл ненің белгісі?

Ұлы ақын Мағжан айтып кеткендей, алты алаштың баласы бас қосқан жерде төр – мұғалімдікі болған заман қайтадан орнап жатқан болар, сірә.

Екінші жағынан алып қарағанда,бұл –сөз қадірі кетіп, қазақ журналистикасының пірі – Шерхан аға айтып кеткендей, арқалағаны – алтын, жегені – жантақ болған түйе жарықтықтың күйін кешкен қалам иелерінің жағдайынашарлай түскенінің айғағы сияқты.

Негізінде, о бастан журналистер – бұқаралық ақпарат құралдарында, ал мұғалімдер мектепте алған мамандықтарына сай қызмет атқаруға тиіс еді ғой. Әрине, олардың ішінде мұғалімдікті жаңылысып таңдаған, бойында керемет журналистік дарыны бар адамдардың кездесіп қалатындығы да рас. Бірақ ондайлар өте сирек.

Филолог, тарихшы сияқты мамандық алғаны туралы көк түгіл, қызыл дипломы бар жастардың бірсыпырасының журналистика ауылына қарай жылыстауының себебі әртүрлі: біреуі — мұғалімнің жалақысын азсынады, екіншісі — бала оқытуды қиямет көреді. Алайда көбінің бойына әу бастан сөз өнері қонбағандықтан, журналист ретінде жұлдызы жарқырап жана қоймайтыны анық. Енді ондайлар мұғалімнің жалақысы өсіп, мәртебесі көтеріліп жатқандығын көріп, ойлана бастаған болуы керек. «Адасқанның айыбы жоқ, қайта үйірін тапқан соң».

Дегенменбұл мықты тіл мамандарының газетке, телеарна мен радиоға мүлдемкерегі жоқ деген сөз емес.Олар — корректор, стилист ретінде керек. Өйткені әлеуметтік желілердегі шаласауатты блогерлерді айтпағанда, кей ақпарат құралдарында грамматикалық, стилистикалық қате өріп жүретіндігі, өздерінше шешенсіген телерадиоарна жүргізушілерінің сөзді бұрмалап сөйлеп, халқымыздың тіл мәдениетіне нұқсан келтіріп жатқандығы жасырын емес. Сөз түзелмей жатқанда, сондай сөз бұзғыштар көбейіп кетті.

Ал «жантақ жеп жүрген» журналистердің жағдайын жақсарту қамын ақпарат және қоғамдық даму министрлігі күйттеуін күйттейді. Біраққазынаның кілтін ұстағанүкімет мүшелерінің тарапынан қолдау жетіспей жатқандығы айдан анық. Ендігі үміт – Парламент сайлауынан кейін тағайындалатын жаңа үкіметке кімдер келетіндігіне байланысты.

Кәрібай Мұсырман,
Парламент Мәжілісінің депутаты

19 ақпан, 20:55
Бақытжан Сағынтаев: "Біз жағымсыз сценарийдің жүзеге асуына жол бермедік"
19 ақпан, 17:20
Айдос Жұқанұлы: Алаш қайраткерлері туралы жазғанымды небәрі 50 адам оқыды
19 ақпан, 15:03
«Отты отпен сөндіреді. Тіл тартысы бар қазаққа ортақ»
19 ақпан, 12:22
Айылдан шыққан мүсінші
19 ақпан, 11:54
Баян-Өлгийдің іргетасын қалаған қазақ
19 ақпан, 11:44
Олжас Әбіл, блогер: Бізге сарапшы журналист керек
19 ақпан, 11:37
Коллектордың қақпанына түскендер
19 ақпан, 11:17
«Бай, қуатты болайық!» деуші еді...