jasqazaq.kz
Ақпарат агенттігі

ЖСДП алдағы сайлауға қатыспайды

27 қараша 2020, 13:13
22

ЖСДП алдағы сайлауға қатыспайды

Бүгін Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының съезі өтті. Жиын барысында партияның алдағы Парламент Мәжілісі мен мәслихат сайлауына қатыспайтыны туралы шешім қабылданды.

Жалпыұлттық социал-демократиялық партияның съезінің күн тәртібінде партияның алдағы сайлауға қатысатыны немесе қатыспайтыны туралы мәселе қаралды. Дауыс беру қорытындысы бойынша съезге қатысқан залдағы партия мүшелерінің 80 пайызы , яғни 32-сі бойкот жариялауды қолдады, 3 адам сайлауға қатысуға дауыс берді. 5 адам қалыс қалды. Съезді қорытындылай келе Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының төрағасы Мәжіліс пен мәслихат сайлауына қатыспайтыны туралы шешімін жариялады. Осыған орай сайлауға байланысты басқа да мәселелердің бәрі съездің күн тәртібінде қаралмайтын болды.

«Жұмысты ары қарай жалғастыруымыз керек. Бойкотпен өмір тоқтап қалмайды. Алда тағы сайлау болады. Біз партияны құру жұмысын жалғастыруымыз керек. Биыл біршама істі тындыруды көздеген едік. Болған жайларды ой елегінен өткізерлік уақыт бар. Біз жаңғыру бағдарын жариялауымыз керек», — деді партия төрағасы Асхат Рахымжанов.

ҚазАқпарат

08 қантар, 15:06
«Араб көктемі» көгертпеді
08 қантар, 14:59
Сектадан сақ болыңыз
08 қантар, 14:56
Барынан айырылған әйел
07 қантар, 17:43
Журналист БАҚ-та, мұғалім мектепте жүруі тиіс
18 желтоқсан 2020, 12:05
Ғұн Еділдің әлі ашылмаған ақиқаты
18 желтоқсан 2020, 11:46
Ең арзан қала - ең қымбат баға
18 желтоқсан 2020, 11:36
«Өзіме, балаларыма бостандық сыйлағаныма қуанамын»
18 желтоқсан 2020, 11:25
CNPC International in Kazakhstan: Біздің қызметкерлердің 98 пайызы – Қазақстан азаматтары
Серіктестер жаңалықтары