jasqazaq.kz
Ақпарат агенттігі

Ж.Бекшин: Алматыда 115 оқушы коронавирус жұқтырған

27 қараша 2020, 14:56
3

Ж.Бекшин: Алматыда 115 оқушы коронавирус жұқтырған

Алматыда қыркүйек айынан бері 115 оқушы коронавирус жұқтырған. Оның 109 онлайн режимінде оқып жатқан баладан анықталды. Бұл туралы Алматы қаласы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы, қаланың бас мемлекеттік санитар дәрігері Жандарбек Бекшин айтты.

Оның айтуынша, бүгінгі күні мегополистің 200 мектебінде 1307 кезекті сынып бар.

«Алматыдағы кезекші сыныптарда 17 мыңға жуық бала оқып жатыр.Одан бөлек 300 орынға арналған 11 мектеп бар. Сонымен қатар, 8 мектеп-интернат жұмыс істейді. Олардың барлығы офлайн оқып жатыр.Қазір оқушылардың басым бөлігі онлайн білім алуда. Бізді осы режим алаңдатып отыр. Себебі, бірінші қыркүйектен бастап індет жұқтырған 115 оқушының 109 қашықтан оқып жатқандар. Қалған алтауы офлайн режимдегілер.Әрине ол сыныптар карантинге жабылды»,– дейді Жандарбек Бекшин.

Бас мемлекеттік санитар дәрігердің пікірінше, балаларға ауруды отбасы мүшелері жұқтырған. Аға-әпкелері мен офисте жұмыс істейтін ата-анасынан жұғуы мүмкін. «Біз жұмыс берушілерге ұсыныс бердік. Қоластындағы қызметкерлердің 80% қашықтан жұмыс істеуге жіберу керектігін ескерттік. Бұл, ең алдымен, аурудың таралуын тоқтатады. Екіншіден ата-аналар үйдегі балаларды барынша бақылай алады»,– деді ол.

ҚазАқпарат

08 қантар, 15:06
«Араб көктемі» көгертпеді
08 қантар, 14:59
Сектадан сақ болыңыз
08 қантар, 14:56
Барынан айырылған әйел
07 қантар, 17:43
Журналист БАҚ-та, мұғалім мектепте жүруі тиіс
18 желтоқсан 2020, 12:05
Ғұн Еділдің әлі ашылмаған ақиқаты
18 желтоқсан 2020, 11:46
Ең арзан қала - ең қымбат баға
18 желтоқсан 2020, 11:36
«Өзіме, балаларыма бостандық сыйлағаныма қуанамын»
18 желтоқсан 2020, 11:25
CNPC International in Kazakhstan: Біздің қызметкерлердің 98 пайызы – Қазақстан азаматтары
Серіктестер жаңалықтары