jasqazaq.kz
Ақпарат агенттігі

Шымкентте әскери бөлім басшысы 10 жылға сотталды

27 қараша 2020, 23:15
126

Шымкентте әскери бөлім басшысы 10 жылға сотталды
Командирдің ақыры. Шымкентте қару ұрланған әскери бөлімнің басшысы 10 жылға сотталды. Қылмыстық кодекстің 5-бабымен айыпты деп танылған Ержан Дәуітов жазасын қауіпсіздігі орта деңгейдегі колонияда өтейтін болды. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлады.

Ержан Дәуітовке пара алу, қызметін асыра пайдалану, қызметіне бейжай қарау және қол астындағы сарбаздарға күш көрсету сияқты ауыр айыптар тағылған. Бадам ауылындағы 10 216 әскери бөлімі командирінің міндетін уақытша атқару кезінде Ержан Дәуітов қол астындағы сарбаздарды ұрып-соғып, қит етсе ақша талап еткенін сот процесі кезінде жауынгерлер айтып берді. Жәбірленушілердің арасында аталмыш әскери бөлімнен қару ұрлады деп бас бостандығынан айрылған сержант Абылай Балғынбай да болған. Бірақ бұрынғы командирдің өзі сот үкімімен келіспейтінін айтып, сот залында судьямен сөзге келіп қалды.

08 қантар, 15:06
«Араб көктемі» көгертпеді
08 қантар, 14:59
Сектадан сақ болыңыз
08 қантар, 14:56
Барынан айырылған әйел
07 қантар, 17:43
Журналист БАҚ-та, мұғалім мектепте жүруі тиіс
18 желтоқсан 2020, 12:05
Ғұн Еділдің әлі ашылмаған ақиқаты
18 желтоқсан 2020, 11:46
Ең арзан қала - ең қымбат баға
18 желтоқсан 2020, 11:36
«Өзіме, балаларыма бостандық сыйлағаныма қуанамын»
18 желтоқсан 2020, 11:25
CNPC International in Kazakhstan: Біздің қызметкерлердің 98 пайызы – Қазақстан азаматтары
Серіктестер жаңалықтары