Братишка, кіммен сөйлесіп тұрғаныңды білесің бе? Павлодар облыстық мәслихатының бұрынғы депутаты тәртіп сақшыларына осылай сес көрсетті. Бұл видеоны облыстық полиция департаментінің өзі таратты.
Тәртіп сақшысының «жеті атасын» түгендеген экс-депутат осы күнде белді бизнесмен көрінеді. Бірақ, «тергеу құпиялығына байланысты», деген желеумен полиция оның аты-жөнін ашып айтады. Келтірілген деректерге қарағанда, көлік блок-бекетте тоқтатылған. Жүргізушінің қалаға кіріп-шығатын құжаттары түгел көрінеді. «Қауіпсіздік белдігін тағыңыз», деген полиция ескертуі бұрынғы депутатқа жақпаған екен. Ол, дөрекілік танытып, блок-бекеттен өтіп кетпек болған.
Жанна БІЛӘЛОВА, ПАВЛОДАР ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:
Аталған факті бойынша ер адамға қатысты әкімшілік іс қозғалды. Тергеу аяқталғанша уақытша ұстау абақтысына қамауда болды. Артынан сот шешіміне сәйкес оған 20 АЕК көлемінде айыппұл салынды.
astanatv.kz