Лифт шахтасына екінші қабаттан құлап кеткен Павлодар тұрғыны №1 қалалық ауруханаға жатқызылды, деп хабарлады Pavlodarnews.kz.
Облыстың денсаулық сақтау басқармасы хабарлағандай, зардап шегушінің білегі сынып, кеуде қуысы жарақаттанған. «Ер адам орталық әмбебап дүкеніндегі лифт шахтасына екінші қабаттан құлаған», — деп атап өтті ведомствода. Облыстық полиция департаметінің мәліметінше, оқиға орнында полиция жұмыс істеп жатыр. Аталмыш фактіге қатысты тексеріс жүргізілуде. «Оқиға орнына жедел-тергеу тобы шықты. Полиция қызметкерлері Сәтбаев көшесіндегі ОӘД ғимаратындағы бутиктердің бірінің сатушысы лифт шахтасына құлағанын анықтады», — деді департаментте.