jasqazaq.kz
Ақпарат агенттігі

Көлік ұрлап, Алматы қаласына қашып кеткен сыныптастар ұсталды

27 қараша 2020, 15:18
39

Көлік ұрлап, Алматы қаласына қашып кеткен сыныптастар ұсталды

Түркістан облысының полицейлері көлік ұрлап, Алматы қаласына қашып кеткен сыныптастарды ұстады.

Түркістан ҚПБ-ға жергілікті тұрғын арызданған. Ол өз арызында жұмысының алдында тұрған “ВАЗ” маркалы автокөлігін белгісіз тұлғалар ұрлап кеткенін көрсеткен. Аталған жайт ҚР ҚК (Ұрлық) бабымен СДТТБТ-не тіркелді. Түркістан ҚПБ-ның қызметкерлерімен Тергеу бөлімінің аға тергеушісі Жақай Жанбол автокөлікті айдап кеткендерді ұстау мақсатында жақын маңдағы аулаларды аралап, куәгерлерден жауап алып, басқа да қажетті іс-шараларды жүзеге асырды. Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде тәртіп сақшылары осы қылмысқа қатысы бар Сарыағаш қаласының екі тұрғынын анықтады. Полицейлер ақпарат көздерін жинақтап, соның арқасында күдіктілерді бес тәулік ішінде Алматы қаласынан ұстады. Екі күдіктінің бірі бұрын сотты болған, екіншісі дәл осындай қылмыс жасағаны үшін іздеуде жүрген сыныптасжігіттер болып шықты. Сонымен қатар тергеу барысында күдіктілер бұдан алдын көлік ұрланғандары белгілі болды. Ұрланған көлікті олар өз пайдасы үшін бөлшектеп сатып жіберген. Содай-ақ аталған “ВАЗ” автокөлігін екі сыныптас Алматы қаласына айдап кеткен. Бүгінгі таңда ұрланған автокөлік өз иесіне қайтарылды. Жәбірленуші полиция қызметкерлеріне көлігі табылғаны үшін алғысын білдірді: – Менің көлігімді белгісіз біреулер ұрлап кетті. Көлігімді іздеп таба алмаған соң полиция қызметкерлерінен көмек сұрап арыздандым. Нәтижесінде полицейлер көлігімді тауып берді. Полицейлерге өз алғысымды айтамын, жұмыстарыңызға сәттілік тілеймін, – деп алғысын білдірді. Өз кезегінде, Түркістан облысының полицейлері азаматтарға сақ болуды және автокөліктерін қараусыз қалдырмау қажеттігін ескертеді. Автокөліктердің есіктері мен терезелерін жабық ұстау керек және бағалы заттарды, сөмкелер мен ұялы телефондарды салонда қалдырмау керек. Сондай-ақ автокөліктерге күзет дабылын орнатып, оларды күзетілетін тұрақтарға, жақсы жарықтандырылған алаңдарға қоюға кеңес береді.

Polisia.kz

08 қантар, 15:06
«Араб көктемі» көгертпеді
08 қантар, 14:59
Сектадан сақ болыңыз
08 қантар, 14:56
Барынан айырылған әйел
07 қантар, 17:43
Журналист БАҚ-та, мұғалім мектепте жүруі тиіс
18 желтоқсан 2020, 12:05
Ғұн Еділдің әлі ашылмаған ақиқаты
18 желтоқсан 2020, 11:46
Ең арзан қала - ең қымбат баға
18 желтоқсан 2020, 11:36
«Өзіме, балаларыма бостандық сыйлағаныма қуанамын»
18 желтоқсан 2020, 11:25
CNPC International in Kazakhstan: Біздің қызметкерлердің 98 пайызы – Қазақстан азаматтары
Серіктестер жаңалықтары