jasqazaq.kz
Ақпарат агенттігі

Алматыда коронавирус қай жерлерден көп жұққаны белгілі болды

27 қараша 2020, 14:59
13

Алматыда коронавирус қай жерлерден көп жұққаны белгілі болды

Алматының Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысы, қаланың бас мемлекеттік санитар дәрігері Жандарбек Бекшин онлайн брифинг барысында вирусты алматылықтардың қайдан жұқтырып жүргенін айтты.

Оның айтуынша, статистикалық деректерге сәйкес, адамдар көбінесе қоғамдық орындар — түнгі клубтар, тамақтану орындары, сауда және ойын-сауық орталықтары, сауда үйлері мен базарларда (33,7%), үй жағдайында (28,7%), қоғамдық көлікте (18,5%), жұмыс орнында (13,1%) жұқтырады. 3,5% — ы шет елдерден алып келген. Қалған 2,1% қайдан жұқтырғаны белгісіз.

«КВИ-мен ауырған адамдардың басым көпшілігі 20 мен 39 жас аралығындағылар. Бұл жоғарыда аталған мекемелерге баратын жастар, демек жұмысқа барар жолда, қоғамдық орындарда болғанда инфекцияны жұқтырып үйге алып келгендер.

26 қарашадағы жағдай бойынша Алмалы және Бостандық аудандары сары белдеуде тұр. Бұл аудандарда ауру көрсеткіші 28,5 және 29,4, Rt болып тұр. М.Әуезов (21,2) және Медеу (23,3) аудандары коронавирус инфекциясының жұғу жиілігі бойынша қауіп тобында тұр. Таралу индексі бойынша ең тұрақты жағдай Жетісу (0,9) және Түрксіб (1,0) аудандарында байқалады», — деді Ж.Бекшин.

ҚазАқпарат

 

08 қантар, 15:06
«Араб көктемі» көгертпеді
08 қантар, 14:59
Сектадан сақ болыңыз
08 қантар, 14:56
Барынан айырылған әйел
07 қантар, 17:43
Журналист БАҚ-та, мұғалім мектепте жүруі тиіс
18 желтоқсан 2020, 12:05
Ғұн Еділдің әлі ашылмаған ақиқаты
18 желтоқсан 2020, 11:46
Ең арзан қала - ең қымбат баға
18 желтоқсан 2020, 11:36
«Өзіме, балаларыма бостандық сыйлағаныма қуанамын»
18 желтоқсан 2020, 11:25
CNPC International in Kazakhstan: Біздің қызметкерлердің 98 пайызы – Қазақстан азаматтары
Серіктестер жаңалықтары