jasqazaq.kz
Ақпарат агенттігі

Алматыда қарашада 36 адам коронавирустан қайтыс болды

27 қараша 2020, 15:44
2

Алматыда қарашада 36 адам коронавирустан қайтыс болды

Алматыда қараша айында коронавирустан 36 адам көз жұмды. Бұл туралы бүгін қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Жанар Мадеева онлайн брифинг барысында айтты.

«Осы айда коронавирус жұқтырған 36 науқас көз жұмды. Олардың ішінде 10 адам 65 жасқа дейін болса, 25 науқас 65 жастан асқан азаматтар. Осы науқастардың 8-і ғана емханаға аурудың 7-тәулігінде келген. Қалған 28-і 10 күннен асқанда келді. 19 науқас үйде туыстарының айтуымен емделген. Олардың барлығында қосарлы созылмалы диагноздары болған. Аса ауыр халде жатқан науқастардың жасы 57 мен 83 жас аралығында», — деді Жанна Мадеева.

Оның айтуынша, қалада күніне 40 адамнан симптомсыз коронавирус табылады.

«Ал инфекциялық стационарларда 257 адам, оның ішінде 15 бала емделіп жатыр. Олардың 20-сы аса ауыр халде, 65 адам ауыр халде, 230 адамның жағдайы орташа дәрежеде. Жансақтау бөлімінде 29 пациент жатыр. Өкпені жасанды желдету аппаратына 3 адам қосылған», — деді Жанна Мадеева. Бүгінде зертханалық талдаумен расталған 442 адам үйінде оқшауланған. Пандемия басталғалы бері Алматыда 15 876 адамнан коронавирус табылды. Оның ішінде 14 740 адам жазылып шықты, 323 адам қайтыс болды.

ҚазАқпарат

08 қантар, 15:06
«Араб көктемі» көгертпеді
08 қантар, 14:59
Сектадан сақ болыңыз
08 қантар, 14:56
Барынан айырылған әйел
07 қантар, 17:43
Журналист БАҚ-та, мұғалім мектепте жүруі тиіс
18 желтоқсан 2020, 12:05
Ғұн Еділдің әлі ашылмаған ақиқаты
18 желтоқсан 2020, 11:46
Ең арзан қала - ең қымбат баға
18 желтоқсан 2020, 11:36
«Өзіме, балаларыма бостандық сыйлағаныма қуанамын»
18 желтоқсан 2020, 11:25
CNPC International in Kazakhstan: Біздің қызметкерлердің 98 пайызы – Қазақстан азаматтары
Серіктестер жаңалықтары