jasqazaq.kz
Ақпарат агенттігі

Тұрғындардың талабынан кейін шошқа фермасы уақытша жабылды (видео)

21 қараша, 11:10
657

Тұрғындардың талабынан кейін шошқа фермасы уақытша жабылды (видео)

Тұрғындардың талабынан кейін шошқа фермасы уақытша жабылды Ақтөбе облысындағы шу шыққан шошқа фермасының жұмысы уақытша тоқтатылды. Енді тексеру аяқталғанша талпақ танауды сойып, сыртқа сатуға болмайды. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлады.

Бестамақ ауылындағы бұл ферма жыл басынан бері 77 мың бас шошқаны шетелге өткізген. Тұрғындар наразылығынан соң қасапхананың есігіне құлып салыныпты. Ал тексеруге кіріскен комиссия далалыққа қанша шошқа өлексесін көміп, қаншама қалдықтың суға ағызылғанын анықтауы керек. «Қоршаған ортаға келтірген шығынды анықтаған соң ғана қандай шара қолданатынымыз белгілі болады,» дейді биліктегілер. Айта кетелік, Алға ауданындағы Бестамақ ауылынан бөлек маңайындағы бірнеше елді-мекен тұрғындары шошқа фермасының жабылуын талап етіп отыр. Наразылықтарын демалыс күндері де жалғастырмақшы. Оған облыс әкімі Оңдасын Оразалинді шақырған. Ал шошқа фермасының қожайындары елде жоқ. Арменияда жүрген кәсіпкер Ақтөбеге бірер күнде жететінін ғана айтыпты.

Аманғали Бердалин, Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары:

— Хабарластық басшыларыменен. Ол өзінің іссапармен Арменияға барған. Енді қазір бір-екі күнде ұшып келу керек. Біз оны жеткіздік осындай мәселеге байланысты келуіңіз керек деп. Біз комплексті мал сою процессін бәрін тоқтаттық.

20 қараша, 14:51
Сағы сынбаған, намысы қайралған
20 қараша, 14:22
Арқада жайылым тозған, шаруа шарасыз
20 қараша, 14:11
Балаларымның атын қазақша қойдым
20 қараша, 14:06
Қылмыстың құйрығы - біртұтам
20 қараша, 12:30
Аңдамай сөйлеген
20 қараша, 12:08
Үй ішінен үй тіккісі келгендер
13 қараша, 12:58
Жарықтың жыры жанға батады
13 қараша, 12:51
Америка. Сайлаудан кейін
Серіктестер жаңалықтары