jasqazaq.kz
Ақпарат агенттігі

Елордадағы жарылыстан бір адам көз жұмды

21 қараша, 14:47
2

Елордадағы жарылыстан бір адам көз жұмды

Елордада дәмханалардың бірінде газ баллоны жарылды. Бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәли мәлім етті.

«2020 жылдың 21 қарашасында, сағат 12:25-те Нұр-Сұлтан қалалық ТЖД кезекші-диспетчерлік қызметінің пультіне дәмхана ретінде жабдықталған коттеджде газ баллонының жарылғаны туралы ақпарат келіп түсті», — деді Талғат Уәли. Оның атап өтуінше, өрт сөндіру қызметі оқиға орнына жеткен кезде үйдің ішінде бір қыз бен 15 газ баллоны бар екені анықталған. «Жарылыс салдарынан ас бөлмесінің төбесі опырылып түскен. Алдын ала деректерге сәйкес, қыз үйінді астында қалып қойып, оқиға орнында қаза тапқан», — деді ресми өкіл. Қазіргі уақытта оқиға орнында Нұр-Сұлтан қалалық ТЖД-нің, Апаттық медицина орталығының 21 құтқарушысы мен 5 техникасы жұмыс істеп жатыр.

ҚазАқпарат

20 қараша, 14:51
Сағы сынбаған, намысы қайралған
20 қараша, 14:22
Арқада жайылым тозған, шаруа шарасыз
20 қараша, 14:11
Балаларымның атын қазақша қойдым
20 қараша, 14:06
Қылмыстың құйрығы - біртұтам
20 қараша, 12:30
Аңдамай сөйлеген
20 қараша, 12:08
Үй ішінен үй тіккісі келгендер
13 қараша, 12:58
Жарықтың жыры жанға батады
13 қараша, 12:51
Америка. Сайлаудан кейін
Серіктестер жаңалықтары