jasqazaq.kz
Ақпарат агенттігі

Кәсіпкерге қарулы шабуыл жасалды (видео)

20 қараша, 15:03
141

Кәсіпкерге қарулы шабуыл жасалды (видео)
Жамбыл облысында кәсіпкерге қарақшылық шабуыл жасалды. Polisia.kz мәліметі бойынша, полиция қызметкерлері Шу ауданы кәсіпкерлерінің біріне қарақшылық шабуыл жасаған облыстың екі тұрғынын ұстады.

15 қарашада полицияға оқ тиіп жараланған 49 жастағы аудан тұрғыны түнде медициналық бетперде таққан бөтен екі адамның үйінің ауласына кіріп, қару кезеніп, ақша талап еткенін айтты.

Алайда үй иесі ақша беруден бас тартқан, бұл қарақшыларды ашуландырған, алайда осы кезде кенеттен отбасы мүшелері сырттан келіп қалған, осыдан сескенген екеу тұра қашқан, бірақ артына түсе ме деген қауіппен біреу артына оқ атып, ол үй иесіне тиген, — дейді полициядағылар.
Ұсталған екеудің бірі — 29, екіншісі — 34 жаста. Аталған дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 192-бабы, 3-бөлігі (Қарақшылық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдіктілер өз кінәсін мойындап, қамауға алынды. Қару тәркіленіп, бірқатар сараптамалар тағайындалды.

 

zakon.kz.

20 қараша, 14:51
Сағы сынбаған, намысы қайралған
20 қараша, 14:22
Арқада жайылым тозған, шаруа шарасыз
20 қараша, 14:11
Балаларымның атын қазақша қойдым
20 қараша, 14:06
Қылмыстың құйрығы - біртұтам
20 қараша, 12:30
Аңдамай сөйлеген
20 қараша, 12:08
Үй ішінен үй тіккісі келгендер
13 қараша, 12:58
Жарықтың жыры жанға батады
13 қараша, 12:51
Америка. Сайлаудан кейін
Серіктестер жаңалықтары