jasqazaq.kz
Ақпарат агенттігі

Алматыда жасөспірімдерді тонаған жалған полицейлер ұсталды

20 қараша, 15:43
7

Алматыда жасөспірімдерді тонаған жалған полицейлер ұсталды

Алматыда жалғыз жүрген жастарды тонаған жалған полицейлер анықталды.

Алматы қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, үш адамнан тұратын қылмыстық топ Баум тоғайында қолға түсті. Олар сол жерде күні бойы қылмыстық әрекет жасап келген. «Күдіктілер жалғыз жүрген жасөсіпірімдерге «өзін полиция қызметкеріміз» деп таныстырған, оларда полицейдің нысанды киімі мен қызметтік куәлік болмаса да, жасөспірімдерден ұялы телефон мен басқа да гаджетін алып кетіп отырған. Қазір күдіктілер ұсталып, қамауға алынды. Олардың біздің ауданда ғана осыған ұқсас ондаған эпизодқа қатысы бар екендігі анықталды», – деді Түрксіб аудандық Полиция басқармасының бастығы Еркін Амантаев. Сонымен қатар, ол осы қылмыстық топтың құрбаны болған қала тұрғындарына полицияға хабарласуға шақырды.

ҚазАқпарат

20 қараша, 14:51
Сағы сынбаған, намысы қайралған
20 қараша, 14:22
Арқада жайылым тозған, шаруа шарасыз
20 қараша, 14:11
Балаларымның атын қазақша қойдым
20 қараша, 14:06
Қылмыстың құйрығы - біртұтам
20 қараша, 12:30
Аңдамай сөйлеген
20 қараша, 12:08
Үй ішінен үй тіккісі келгендер
13 қараша, 12:58
Жарықтың жыры жанға батады
13 қараша, 12:51
Америка. Сайлаудан кейін
Серіктестер жаңалықтары