jasqazaq.kz
Ақпарат агенттігі

Air Astana Мальдив аралдарына рейстерді орындамақ

20 қараша, 22:10
33

Air Astana Мальдив аралдарына рейстерді орындамақ

Әуе компаниясы Алматыдан Мальдив аралдарына тікелей рейстерін аптасына екі рет сәрсенбі және сенбі күндері 5 желтоқсаннан, және қосымша 21 желтоқсаннан дүйсенбі күндері орындай бастайды.

Рейстер Airbus A321 LR жайлы ұшақпен орындалады. Әуе компанияның барлық A321LR ұшақтары  бизнес-класта 16 креслодан және эконом-класта 150 креслодан тұрады. Бизнес-кластағы креслолар 16 дюймдік мониторлармен жабдықталған, төрт креслоның үлкейтілген жеке кеңістігі бар. Эконом-кластағы жеке 10 дюймдік экрандармен жабдықталған Recaro креслолары қосымша жайлылықты қамтамасыз етеді.

Жаңа жылдық каникул кезіндегі сұраныстың жоғары болуына байланысты 2020 жылдың 16 желтоқсанынан бастап 2021 жылғы 16 қаңтарына дейін рейстер сыйымдырақ кең фюзеляжды Boeing 767 ұшақтарымен орындалады.

Air Astana Мальдив аралдарына рейстерді орындамақ

Эконом-кластағы екі жаққа билет құны,  әуежай, жанармай және басқа алымдар мен салықтарды қоса алғанда 292 500 теңгеден, ал бизнес-класта 1 671 200 теңгеден басталады.

Виза онлайн режимінде өтініш бергеннен кейін әуежайға ұшып келгенде тегін беріледі және алынған күннен бастап 30 күн ішінде жарамды.

Мальдив Республикасына ұшып келген әр жолаушының ағылшын тілінде теріс нәтижелі ПТР анықтамасы болуы қажет. Анықтама материал жиналған сәттен бастап ұшып келуге дейінгі 96 сағат ішінде жарамды. 1 жасқа дейінгі балалар тесттен босатылады.

Медициналық денсаулық туралы декларацияны міндетті түрде жолға шығардан 24 сағат бұрын толтыруыныз қажет.

Декларацияда әрбір жолаушы фотосуретін (2 мегабайтқа дейін), сондай-ақ теріс нәтижесі бар ПТР тестін жүктеуі керек.

Қазақстанға шетелден келетін жолаушыларда коронавирустың жоғын растайтын ПТР анықтамасы болуы керек. Анықтама жарамды болып саналуы үшін, ол нәтиже берілген күннен бастап Қазақстанға кіргенге дейінгі 3 күн ішінде берілуі қажет. Мальдив Республикасындағы ПТР зертханалар тізімі осында.

20 қараша, 14:51
Сағы сынбаған, намысы қайралған
20 қараша, 14:22
Арқада жайылым тозған, шаруа шарасыз
20 қараша, 14:11
Балаларымның атын қазақша қойдым
20 қараша, 14:06
Қылмыстың құйрығы - біртұтам
20 қараша, 12:30
Аңдамай сөйлеген
20 қараша, 12:08
Үй ішінен үй тіккісі келгендер
13 қараша, 12:58
Жарықтың жыры жанға батады
13 қараша, 12:51
Америка. Сайлаудан кейін
Серіктестер жаңалықтары