jasqazaq.kz
Ақпарат агенттігі

Журналистер доп тепсе…

06 қараша 2020, 15:04
150

Журналистер доп тепсе...

Алматыда журналистер арасында футболдан жарыс өтті. «Зейнолла Сәнік атындағы мәдениет қорының» жүлдесі үшін Алматыда алғаш рет өткен БАҚ және шығармашылық өкілдері арасындағы шағын футбол турниріне 8 команда қатысып, тамаша тартысты ойын көрсетті.

Журналистер доп тепсе...

Жасыл алаңға қалам мен спортты ұштастырып жүрген Jas qazaq газетінің бас редакторы Срайыл Смайыл, «Ана тілі» газетінің бас редакторы Жанарбек Әшімжан және КТК телеарнасының режиссері Шоқан Маханов шықты. Жастар жағы да жан аямай жарысқа барын салды. Нәтижесінде жүлделі 1-орынды (300 000 тг.) «Халық арна», 2-орынды «Алатау ақындары» (200 000 тг.) алса, 3-орынды Талдықорғаннан ат арытып келген «Қарекет» командасы (100 000 тг.) жеңіп алды. Турнирдің ең үздік ойыншысына (50 000 тг.) қақпаға ағылған ала допты бар күш-қайрат, әдіс-амалымен тосып, көрерменін сүйсінтіп, қарсыластарын ашуға булықтырған Шоқан Маханов лайық деп танылды. Өзге де үздіктер сыйақысыз қалмады. «Үздік ойыншы», «Үздік шабуылшы», «Үздік қорғаушы» сияқты бірнеше аталым бойынша жүлде таратылды. Осылайша, журналистер спорт алаңында бас қосып, шүйіркелесіп, доп ойнап, бір сергіп қайтты.
Турнир аясында Қазақстанның Құрметті спорт журналисі, 32 жылын комментаторлыққа арнаған, осы салада бірнеше кітап жазған Рабат Жәнібековке қор атынан алғыс білдіріліп, ақшалай сыйлық табысталды.

Журналистер доп тепсе...
Елордадан басталып, Алматыда жалғасқан турнир алдағы жылдары дәстүрлі түрде республикалық деңгейде өтетін болды.

Журналистер доп тепсе...
Айтпақшы, қазақ баспасөзінің дамуына өз үлесін қосып келе жатқан Зейнолла Сәнік атындағы мәдениет қоры келесі жылға «Қазақ әдебиеті», «Жұлдыз» журналы, «Ана тілі», «Jas qazaq» газеттерінің әрбіріне 40 данадан, сондай-ақ «Ақ желкен» журналы мен «Ұлан» газетін 51 мектеп кітапханасына бір жылға жаздырып берді. Сөйтіп қор баспасөзге жазылу науқанына миллион теңгеден астам қаржы бөліп, мыңдаған оқырманға рухани нәр сыйлауды жөн санады.
Турнирдің сәтті өтуіне қолдау көрсеткен Шоқан ағам мен Дулат бауырға, тілеулес болған барша ағайынға алғыс айтамыз!

Жарқын Сәленұлы,
журналист

Суреттерді түсірген
Сәрсенбек Қызайбекұлы

19 ақпан, 20:55
Бақытжан Сағынтаев: "Біз жағымсыз сценарийдің жүзеге асуына жол бермедік"
19 ақпан, 17:20
Айдос Жұқанұлы: Алаш қайраткерлері туралы жазғанымды небәрі 50 адам оқыды
19 ақпан, 15:03
«Отты отпен сөндіреді. Тіл тартысы бар қазаққа ортақ»
19 ақпан, 12:22
Айылдан шыққан мүсінші
19 ақпан, 11:54
Баян-Өлгийдің іргетасын қалаған қазақ
19 ақпан, 11:44
Олжас Әбіл, блогер: Бізге сарапшы журналист керек
19 ақпан, 11:37
Коллектордың қақпанына түскендер
19 ақпан, 11:17
«Бай, қуатты болайық!» деуші еді...