jasqazaq.kz
Ақпарат агенттігі

Таразда есектің сүті сатылып жатқаны рас па?

27 қазан, 10:53
703

Таразда есектің сүті сатылып жатқаны рас па?

Желі қолданушылары арасында «Таразда есек байлап сүтін сатып отырған ферма бар» деген сыбыс тарады. Бұл ақпараттың рас-өтірігін «Астана» телеарнасының тілшілері анықтауға тырысты. Телеарнаның мәліметінше, есек сүті жайлы әлеуметтік желі арқылы тараған видео елді шошытып отыр.

«Өзіміздің Тараздағы Киров көшесінде түсірілген» деген видеомен ілесіп жүрген аудио хабарламалар болса, тұтынушыларды тіпті қорқытқан. Видео ел арасында қызу пікірталас тудырған. Жұрт «есек сауғандарды тауып жазалау», керек десе, тараздық шенеуніктер болса, Киров көшесінен ондай ферманың табылмағанын алға тартуда. Олар бұл видео басқа елде түсірілген деп топшылап отыр. Ал қазақша сөздер видеоның үстінен салынған дейді. «Есек асырау ол оңай шаруа емес. Біз іздемесек те ол ақырып-шақырады. Сондықтан оны айтып қояды адамдар. Бізде ондай мүмкін емес сізге гарантия берейін», — дейді АШМ Жамбыл облысы аумақтық ветеринариялық инспекциясының басшысы Жандар Қоекиев.

Десе де, мамандар бұл мәселеге дөп басып нүкте қойған жоқ. Видеоны таратқан адамдар әлі іздестірілуде. Сарапшылар болса ел арасында тараған «есек сүті пайдалы» деген пікір шындыққа жанаспайтынын ескертуде. Тіпті, оның құрамында қатерлі ісік аурын қоздыратын зиянды элементтер бар көрінеді. Одан бөлек, түрлі зиянды микробтар көп болып шықты. «Адам ағзасына неше түрлі микроб кіреді. Футоксин деген микроб болады. Адам денесіндегі барлық ауруды қоздырады ол», — дейді сарапшы Қуандық Хонай.

20 қараша, 14:51
Сағы сынбаған, намысы қайралған
20 қараша, 14:22
Арқада жайылым тозған, шаруа шарасыз
20 қараша, 14:11
Балаларымның атын қазақша қойдым
20 қараша, 14:06
Қылмыстың құйрығы - біртұтам
20 қараша, 12:30
Аңдамай сөйлеген
20 қараша, 12:08
Үй ішінен үй тіккісі келгендер
13 қараша, 12:58
Жарықтың жыры жанға батады
13 қараша, 12:51
Америка. Сайлаудан кейін
Серіктестер жаңалықтары