jasqazaq.kz
Ақпарат агенттігі

«Өткінші жаңбыр» телехикаясының тұсауы кесілді (видео)

27 қазан, 13:03
58

«Өткінші жаңбыр» телехикаясының тұсауы кесілді (видео)
    Бүгін «Almaty» телеарнасы алматылық БАҚ өкілдеріне «Өткінші жаңбыр» телехикаясын ұсынды. Тұсаукесерде телехикаяның алғашқы бөлімі көрсетіліп, шығармашылық топ жобаның мақсатымен бөлісті. «Өткінші жаңбыр» хикаясы ауыл мен қаладағы екі тағдырдың өмірінен көрініс береді. Басты кейіпкерлер Алматыда кездесіп, жақын дос болып, ортақ іс ашып армандарын жүзеге асырады. Сол уақыт аралығында олар өзгереді, жеке тұлға ретінде өседі, қиындықтарды жеңіп, табысқа жетеді. Бұл өмірде бәрі мүмкін екенін дәлелдейді.
Туындының басты кейіпкері – Жанар есімді көпбалалы ана. Күнделікті үй шаруасынан зеріккен ол — кәсіпкерлікті қолға алып, ел қатарлы жұмыс жасағысы келеді. Алайда, жұбайы бұл ойын құптамайды.
Екінші кейіпкер – Ажар. Ол жалғызбасты ана әрі, шағын кәсіпкер. Тапсырыспен торт пісіру, оның ең басты табыс көзі. Жұмыстан жалыққан ол- керісінше отбасылық өмірді аңсайды. Кейіпкерлердің тағдыры әр түрлі болғанымен, басқа түскен қиындық екеуінің басын бір арнаға тоғыстырады.
«Өткінші жаңбыр» телехикаясының тұсауы кесілді (видео)
Телехикаядағы басты рөлді сомаған актриса Нұргүл Мыңғатова: «Алғашқыда Ажардың образы ұсынылды. «Келінжан» хикаясында ауылдың келінін сомдайтындықтан бұл жобада ауыл келініне қарама-қарсы рөлді алдым. Рөль өз басыма ұнады. Шынымен де қазір әйел адамдардың басынан өтетін проблема көп. Сол үшін ол жан-жақты болу керек. Яғни үйдің де жұмысына көңіл бөлу, сыртта да өзінің оқыған мамандығымен жұмыс істеу. Білесіздер ғой, қазақтарда әйел үйде отыру керек, үй шаруасына қарауы керек, бала тәрбиесіне көңіл бөлуі керек. Бірақ та қазір заман талабы басқа. Әйел адамдардың көбі бәріне үлгереді. Менің кейіпкерім жан-жақты болу үшін барын салмақ.Әйел адам 40 жанды дейді ғой, оның бәрін түбінде жеңіп, өмірінде отбасы мен жұмыстың арасында тепе-теңдік орнайды. Кейіпкерімнің болмысы маған ұнады», — дейді.
Телехикаяның «Өткінші жаңбыр» аталуының да өзіндік себебі бар екен. Ол туралы хикаяның продюсері Айкерім Самалбекқызы айтып берді. Ол:«Кез-келген отбасында, адамда пенде болғаннан кейін қандай да бір мәселелер, проблемалар, қиындықтар болады. Сол өткінші жаңбыр сияқты өтеді де кетеді. Ең басты құндылықтар ол отбасы бала-шаға, сыйластық, достық, туыстық қарым-қатынас мәңгі қалады. Телехикаяның негізгі идеясы, көрерменге жеткізер ой осы» ,- деді.
Аталған телехикая көпшілік назарына 2-қарашадан бастап жол тартады. Отбасы құндылығы, сыйластық, достық, бауырмалдықты ту еткен туындының көпшілік көңілінен шығатынына сенімдіміз.

Мақпал Ноғайбаева

 

20 қараша, 14:51
Сағы сынбаған, намысы қайралған
20 қараша, 14:22
Арқада жайылым тозған, шаруа шарасыз
20 қараша, 14:11
Балаларымның атын қазақша қойдым
20 қараша, 14:06
Қылмыстың құйрығы - біртұтам
20 қараша, 12:30
Аңдамай сөйлеген
20 қараша, 12:08
Үй ішінен үй тіккісі келгендер
13 қараша, 12:58
Жарықтың жыры жанға батады
13 қараша, 12:51
Америка. Сайлаудан кейін
Серіктестер жаңалықтары