jasqazaq.kz
Ақпарат агенттігі

Азамат Әмірғалиев әділет вице-министрі болып тағайындалды

27 қазан, 11:42
12

Азамат Әмірғалиев әділет вице-министрі болып тағайындалды

Азамат Әмірғалиев әділет вице-министрі болып тағайындалды. Бұл туралы премьер-министрдің баспасөз қызметіне сілтеме жасап Tengrinews.kz хабарлады.

Мұның алдында Әмірғалиевтің Әділет министрлігінің жауапты хатшысы қызметінен босатылғаны хабарланған еді.

Азамат Әмірғалиев 1976 жылы 24 қазанда Алматы қаласында дүниеге келген. 1998 жылы Қазақ құқықтану және халықаралық қатынастар институтын «халықаралық заңгер» мамандығы бойынша үздік бітіріп, іскерлік әкімшілік магистрі (Британдық Бизнес Мектебі) атанды.

Еңбек жолын 1998 жылы Әділет министрлігі Заңнама және халықаралық құқық департаментінің заң жобалау жұмыстары және құқықтық сараптама басқармасының аға маманы болып бастаған.

2003-2006 жылдары — Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқығы комитеті төрағасының орынбасары, Тіркеу қызметі төрағасының орынбасары. 2006-2009 жылдары — Парламент Мәжілісі Заңнама бөлімі меңгерушісінің орынбасары. 2009-2011 жылдары «Альянс Банк»АҚ Корпоративтік хатшысы болып қызмет атқарды. 2011-2017 жылдары — Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы заң бөлімінің меңгерушісі. Кейін Қазақстан Президенті Іс басқармасы аппаратының басшысы болды (2017 жылдың қаңтарынан бастап).

20 қараша, 14:51
Сағы сынбаған, намысы қайралған
20 қараша, 14:22
Арқада жайылым тозған, шаруа шарасыз
20 қараша, 14:11
Балаларымның атын қазақша қойдым
20 қараша, 14:06
Қылмыстың құйрығы - біртұтам
20 қараша, 12:30
Аңдамай сөйлеген
20 қараша, 12:08
Үй ішінен үй тіккісі келгендер
13 қараша, 12:58
Жарықтың жыры жанға батады
13 қараша, 12:51
Америка. Сайлаудан кейін
Серіктестер жаңалықтары