jasqazaq.kz
Ақпарат агенттігі

Аспириннің коронавирусқа пайдалы екені анықталды

27 қазан, 14:16
39

Аспириннің коронавирусқа пайдалы екені анықталды

Аспириннің коронавируспен күресте пайдалы екені анықталды АҚШ-тағы Мэриленд университетінің ғалымдары аспириннің COVID-19 пациенттері арасындағы өлімді азайтуға және ауыр симптомдармен күресуде пайдалы болуы мүмкін екенін анықтады.
Ғылыми жұмыстың нәтижелері Anesthesia and Analgesia журналында жарияланды. Зерттеуге коронавируспен ауыратын 412 науқас қатысты, олар әртүрлі ауырлықтағы белгілермен ауруханаға жатқызылды. 314 адам аспирин қабылдаған жоқ, ал қалған 98-і қызуды түсіретін дәріні 24 сағат ішінде немесе ауруханаға түскенге дейін 7 күн ішінде қабылдаған. Ғалымдар аспириннің өкпені жасанды желдету (ӨЖЖ) қажеттілігіне, қарқынды терапия бөліміне түсуге және өлімге қалай әсер еткенін талдады. Аспирин қолданған пациенттер тобында науқастардың 35,7 пайызы, ал бұл дәріні ішпегендердің 48,4 пайызы ӨЖЖ аппаратына қосылды. Бірнеше факторларды ескергеннен кейін зерттеушілер аспирин қабылдау мен ауыр белгілердің пайда болу ықтималдығы және ауруханаішілік өлім деңгейінің төмендеуі арасындағы байланысты нақты анықтады. Алайда, ғалымдар COVID-19 бар науқастарда аспиринді қолдану мен өкпенің зақымдануы мен өлім-жітімнің төмендеуі арасындағы себеп-салдарлық байланысты орнату үшін рандомизацияланған бақыланатын зерттеу қажет екенін атап көрсетеді.

ktk.kz 

20 қараша, 14:51
Сағы сынбаған, намысы қайралған
20 қараша, 14:22
Арқада жайылым тозған, шаруа шарасыз
20 қараша, 14:11
Балаларымның атын қазақша қойдым
20 қараша, 14:06
Қылмыстың құйрығы - біртұтам
20 қараша, 12:30
Аңдамай сөйлеген
20 қараша, 12:08
Үй ішінен үй тіккісі келгендер
13 қараша, 12:58
Жарықтың жыры жанға батады
13 қараша, 12:51
Америка. Сайлаудан кейін
Серіктестер жаңалықтары