jasqazaq.kz
Ақпарат агенттігі

Оралда ауыл әкімі карантин кезінде баласына той жасап берген

26 қазан, 16:02
38

Оралда ауыл әкімі карантин кезінде баласына той жасап берген

Батыс Қазақстан облысында ауыл әкімі мейрамханада баласына той жасап берген, — деп хабарлайды «Мой ГОРОД».

Басылымның мәліметінше, үйлену тойы өткен демалыс күндері Оралдағы мейрамханалардың бірінде өткен. Куәгерлер редакцияға үйлену тойының видеосын жіберген.

Куәгерлердің айтуынша, Ақжайық ауданы Ақжол ауылдық округі әкімінің ұлы үйленген.

Ақжайық ауданы әкімінің міндетін атқарушы Ердос Үмітов Ақжол ауылдық округі әкімінің ұлы Татжан Өтемісовтің үйлену тойы туралы бүгін, 26 қазанда ғана білгенін айтады.

«Ыңғайсыз жағдай болды, қазіргі уақытта Татжан Өтемісов еңбек демалысында. Жалпы аудан әкімдеріне карантин шараларының сақталуы туралы хабарланды. Арнайы бақылау топтары бар, олар барлық шараны бақылау үшін жұмыс істейді. Демалыстан шыққаннан кейін біз бұл жағдайды заңды түрде қарастырамыз», — деді Ердос Үмітов.

 

20 қараша, 14:51
Сағы сынбаған, намысы қайралған
20 қараша, 14:22
Арқада жайылым тозған, шаруа шарасыз
20 қараша, 14:11
Балаларымның атын қазақша қойдым
20 қараша, 14:06
Қылмыстың құйрығы - біртұтам
20 қараша, 12:30
Аңдамай сөйлеген
20 қараша, 12:08
Үй ішінен үй тіккісі келгендер
13 қараша, 12:58
Жарықтың жыры жанға батады
13 қараша, 12:51
Америка. Сайлаудан кейін
Серіктестер жаңалықтары