jasqazaq.kz
Ақпарат агенттігі

Белгісіз бір топ адам Бішкек әкімдігі ғимаратын басып алуға тырысып жатыр (видео)

26 қазан, 12:28
158

Белгісіз бір топ адам Бішкек әкімдігі ғимаратын басып алуға тырысып жатыр (видео)

Белгісіз адамдар Бішкек әкімдігінің ғимаратына баса-көктеп кіруге тырысты. Оларды полиция қызметкерлері ұстап жатыр.

24.kg ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, елорда әкімшілігі жанына 100-ге жуық адам жиналған. Олар Нариман Төлеевтен қала басшысы қызметінен кетуді талап еткен.

Айта кетсек, алдында Президенттің міндетін атқарушы Садыр Жапаров Азиз Суракматовтың отставкасын қабылдаған. Сондықтан елорда басшысының орны әлі бос. Алайда, өзін Садыр Жапаровтың жақтаушыларымыз деп санайтын белгісіз адамдар бұл лауазымнан дәмелі. Оның ішінде Төрехан Жүнісбеков те бар.

Интернетте пайда болған аудиожазбада болжам бойынша, президент міндетін атқарушының ағасы Төрехан Жүнісбековті заңды бұзбауға және әкімдікті басып алмауға көндіруге тырысып жатқан көрінеді. Бішкектің бұрынғы мэрі Азиз Суракматов бұрын қызметінен кеткен болатын. Бұған дейін ол экс-мэр Нариман Төлеевті бірінші вице-мэр қызметіне тағайындаған. Заңға сәйкес, ол жаңа әкім сайланғанға дейін өз міндеттерін орындауы керек. Бішкек мэрін қалалық кеңес сайлайды.

zakon.kz

20 қараша, 14:51
Сағы сынбаған, намысы қайралған
20 қараша, 14:22
Арқада жайылым тозған, шаруа шарасыз
20 қараша, 14:11
Балаларымның атын қазақша қойдым
20 қараша, 14:06
Қылмыстың құйрығы - біртұтам
20 қараша, 12:30
Аңдамай сөйлеген
20 қараша, 12:08
Үй ішінен үй тіккісі келгендер
13 қараша, 12:58
Жарықтың жыры жанға батады
13 қараша, 12:51
Америка. Сайлаудан кейін
Серіктестер жаңалықтары