jasqazaq.kz
Ақпарат агенттігі

Мұғалімді зорлап кеткен күдікті ұсталды

16 қазан, 21:46
1015

Мұғалімді зорлап кеткен күдікті ұсталды

Көкшетауда 20 жастағы мұғалімді зорлап кеткен адам ұсталды. Оқиға өткен аптада болған. Таңертең жұмысына бара жатқан жас қызға тасадан біреу атып шығып шабуыл жасаған. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлады.

— Ол келіспеген соң ашуға булықтым.

— Басқа қандай ой болды?

— Жыныстық қатынас бару…

Бұл кінәсін толық мойындаған күдіктінің полицияға берген жауабы. Айтуынша, ол жұмысына асығыс жүріп бара жатқан қызбен таныспақ болған. Мұғалима танысқысы келмейтінін айтады. Қолында пышағы бар зіңгіттей жігіт оған қаруын көрсетіп, бейжеткеннің аузын бір қолымен жауып ағаштардың арасына сүйрей жөнеліпті. Істерін істеп, үйіне келіп жатып қалған. Айуандыққа барған адамның өзінің үш қызы бар екен. Еш жерде жұмыс істемейді. Оны ауылда жүрген жерінен полиция қолға түсірді. Ал зорлық көрген мұғалім бұл жағдайды ата-анасына да, бауырларына да тіс жармаған.

16 қазан, 11:22
Қайталанған карантин
16 қазан, 11:08
«Хайп, лайк, пранк» дейтіндер көбейді
16 қазан, 10:57
Ауыл шаруашылығын қайтсек дамытамыз?
16 қазан, 10:40
Алаяққа арбалып қалмаңыз!
16 қазан, 10:35
Миссионермен "біртүрлі" әңгіме
16 қазан, 10:26
Қалталы ағайын ұлтының болашағын қаншаға бағалайды екен?!
16 қазан, 10:22
Цифрмен ойнау
16 қазан, 10:13
Алдаған арман
Серіктестер жаңалықтары