jasqazaq.kz
Ақпарат агенттігі

Коронавирустан жазылған соң моншаға түсуге бола ма?

16 қазан, 19:42
20

Коронавирустан жазылған соң моншаға түсуге бола ма?

Медициналық оңалтуды реформалау жөніндегі жобалық кеңсе жетекшісі Ләйлә Дайырбаева коронавирус індетінен жазылғандардың моншаға бару не бармау мәселесіне қатысты түсініктеме берді. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.

«Нақты ештеңе айта алмаймын. Дегенмен, кез келген инфекциядан, оның ішінде күрделі жұқпалы аурудан кейін ыстық процедура алуға кеңес берілмейді. Оның ішінде монша да бар. Өзім моншаға баруға барынша абай болуға кеңес берер едім. Ал енді моншадан басқа жуунуға еш мүмкіндік болмаса, онда ол ыстық емес, жылылау болғаны жөн. Өйткені, мультижүйелі суық тию синдромы кезінде барынша абай болған дұрыс», — деді ол онлайн конференция барысында БАҚ өкілдерінің сауалына орай. Оның атап өтуінше, мультижүйе айтарлықтай зақымданған кезде мұндай вирустардың әсері қандай болатындығын болжау өте қиын. «Бұл ретте, барлығы да пациент коронавирус инфекциясынан жазылғаннан кейін сақталатын негізгі синдромға байланысты. Мұны ол емханаларда өзін емдейтін дәрігермен талқылағаны жөн болады. Оның ағзасында қандай симптом негізгі болса, онда соны оңалту жүргізіледі», — деді Ләйлә Дайырбаева.

16 қазан, 11:22
Қайталанған карантин
16 қазан, 11:08
«Хайп, лайк, пранк» дейтіндер көбейді
16 қазан, 10:57
Ауыл шаруашылығын қайтсек дамытамыз?
16 қазан, 10:40
Алаяққа арбалып қалмаңыз!
16 қазан, 10:35
Миссионермен "біртүрлі" әңгіме
16 қазан, 10:26
Қалталы ағайын ұлтының болашағын қаншаға бағалайды екен?!
16 қазан, 10:22
Цифрмен ойнау
16 қазан, 10:13
Алдаған арман
Серіктестер жаңалықтары