«Мемлекеттік органдар стратегиялық объектілерді көбіне тендерге қатысушыларды тиісті іріктеуден өткізбестен, жекеменшікке бере салады. Біреулер үшін бұл тендерді тез, әрі ың-шыңсыз өткізу тиімді секілді. Оның үстіне, конкурсқа жеке кәсіпкерлер де, жеке тұлғалар да қатыса алады екен. Жеке тұлға бүкіл әуежайды қалай басқарады? Бұл қала әуежайының болашақ дамуына күмән тудырады. Сондай-ақ сарапшылардың пікірінше, мұндай нысанның бастапқы бағасын 5,2 млрд теңге деп белгілеу де ақылға сыймайды. Бұл тым арзан баға».
(Шымкент әуежайын тендерге
шығаруға қатысты Үкімет
басшысына жолдаған сауалнамасынан)