jasqazaq.kz
Ақпарат агенттігі

Жолдың рұқсат етілмеген тұсынан өтпек болған әйел мерт болды

16 қыркүйек, 11:16
3

Жолдың рұқсат етілмеген тұсынан өтпек болған әйел мерт болды

Көкшетауда «Toyota Camry» көлігінің 43 жастағы жүргізушісі жолдың рұқсат етілмеген тұсынан өтпек болған әйелді қағып, мерт қылды. Бұл туралы облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлайды.

Ведомствоның мәліметінше, бұл туралы 13 қыркүйек күні Көкшетау қалалық полиция басқармасының кезекшілік бөліміне медициналық көмек көрсету қызметінің фельшері хабарлаған.

Фельшердің сөзінше, Уәлиханов көшесіндегі «Новопэк» ЖШС ғимараты тұсында жаяу жүргіншіні көлік қағып кеткен.

«Оқиға орнына жеткен жедел тергеу тобы «Toyota Camry» көлігінің 43 жастағы жүргізушісі жолдың рұқсат етілмеген тұсынан өтпек болған әйелді қағып кеткенін анықтады. 35 жастағы әйел алған дене жарақатынан сол жерде көз жұмды», — деді ведомстводан.

Полиция мерт болған әйелдің «Новопэк» ЖШС-де жұмыс істегендігін анықтады.

«Қазіргі кезде, жүргізуші Көкшетау қаласындағы уақытша ұстау изоляторына қамалып, үстінен Қылмыстық кодекстің 345 бабының 3 бөлігі бойынша іс қозғалды», — деп толықтырды ведомстводан.

25 қыркүйек, 12:47
Бақыр үшін базар жағалағандар
25 қыркүйек, 12:23
Біз қалайтын болашақ
25 қыркүйек, 12:20
Қалдық қауіп төндіреді
18 қыркүйек, 11:57
Осындай қалжың бола ма?
18 қыркүйек, 9:19
Әнші, әдептен озба!
18 қыркүйек, 9:13
Асыл тұқым азып барады
18 қыркүйек, 9:03
Диплом «саудасы» немесе цехтан «шыққан» білім білім бола ма?
11 қыркүйек, 18:39
Көпір қайда, көпір?!
Серіктестер жаңалықтары