jasqazaq.kz
Ақпарат агенттігі

Үй өртеніп, 7 жасар бала қаза тапты

16 қыркүйек, 13:32
22

Үй өртеніп, 7 жасар бала қаза тапты

Қостанай облысында үй өртеніп, 7 жасар бала қайтыс болды. Бұл туралы zakon.kz хабарлайды. 

16 қыркүйекте таңғы сағат 7: 05-те N16 өрт сөндіру бекетіне Б.Майлин ауданындағы Береговой көшесінде өрт болып жатқандығы туралы хабарлама келіп түсті. Молодежныйдағы екі пәтерлі бір қабатты тұрғын үй өртеніп жатқаны айтылған. №16 өрт сөндіру қызметі шұғыл оқиға орнына сағат 07: 06-да жөнелтілді, сондай-ақ іле-шала Рудный қаласындағы өрт сөндіру қызметі де қосымша аяғынан тік тұрғызылды, деп хабарлайды облыстың ТЖД.

Алғашқы экипаж шақырылған жерге сағат 07.43-те келген кезде өрт бірінші пәтерді бүтіндей жалмап, келесі қосарлас пәтердің шатырына тиіп үлгерген.

Газ-түтінен қорғау қызметі қызметкерлері өртенген бірінші пәтердің орнын қарау кезінде пәтер иесінің немересі, 2013 жылы туылған баланың өртенген мәйітін тапты. Баланың 1959 жылғы әжесін оңдырмай күйік шалған, ол Рудный қаласындағы ауруханаға жеткізілді, дәрігерлер әйелдің жағдайын ауыр деп бағалайды. Өрттің шығу себептерін анықтау үшін Департаменттің сынақтан өткізілген өрт зертханаларының қызметкерлері сол жерде жұмыс істеп жатыр, — деп хабарлады департаменттегілер.

Өрт сағат 08: 17-де оқшауланып, 09: 50-де толығымен сөндірілді. Өрттің ауданы 100 шаршы метрді құрады. Өртті жоюға Қостанай облысы ТЖД жеке құрамының 9 жеке құрамы мен 2 бірлік өрт сөндіру техникасы жұмылдырылды.

25 қыркүйек, 12:47
Бақыр үшін базар жағалағандар
25 қыркүйек, 12:23
Біз қалайтын болашақ
25 қыркүйек, 12:20
Қалдық қауіп төндіреді
18 қыркүйек, 11:57
Осындай қалжың бола ма?
18 қыркүйек, 9:19
Әнші, әдептен озба!
18 қыркүйек, 9:13
Асыл тұқым азып барады
18 қыркүйек, 9:03
Диплом «саудасы» немесе цехтан «шыққан» білім білім бола ма?
11 қыркүйек, 18:39
Көпір қайда, көпір?!
Серіктестер жаңалықтары