jasqazaq.kz
Ақпарат агенттігі

Тығылып той жасағандар әшкере болды (видео)

16 қыркүйек, 14:13
13

Тығылып той жасағандар әшкере болды (видео)

Карантиндік шектеулерге қарамастан Ақтаудағы екі мейрамханада жас жұбайлардың үйлену тойын өткізгені анықталды. Тығылып той өткізгендердің видеосын Михаил Козачковтың Telegram каналындағы парақшада жарияланды.

Автор «Маңғыстау облысы Энергетика тұрғын үй коммуналдық шаруашылық басқармасының бас маманы Жанболат Жақыпов той тойлап жатыр. Күйеужігіт Маңғыстаудағы ірі мұнай-газ комнаниясының бұрынғы басшысының ұлы», — деп көрсеткен.

Сондай-ақ, журналист өзінің парақшасында екінші тойдың да видеосын жариялады. Онда танымал Инстаграм блогерінің тойдан салған видеолары көрсетілген. Карантиндік шектеулері бұзып, дүркіретіп той тойлағандардың видеосына қатысты Тауарлар мен көрсетілген қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің ресми өкілі Ержан Байтана пікір білдірді. Ол карантин талаптарын бұзғандарға қатысты Ақтау полициясымен бірге жоспардан тыс тергеу басталғанын мәлім етті.

«Тексеру қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының және Маңғыстау облысының бас мемлекеттік санитариялық дәрігерлері қаулыларының талаптарын бұзуға жол берген ұйымдастырушыларға ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 425-бабының 1-бөлігі бойынша «халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтерді бұзу« талаптары бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылады», — деді ол.

25 қыркүйек, 12:47
Бақыр үшін базар жағалағандар
25 қыркүйек, 12:23
Біз қалайтын болашақ
25 қыркүйек, 12:20
Қалдық қауіп төндіреді
18 қыркүйек, 11:57
Осындай қалжың бола ма?
18 қыркүйек, 9:19
Әнші, әдептен озба!
18 қыркүйек, 9:13
Асыл тұқым азып барады
18 қыркүйек, 9:03
Диплом «саудасы» немесе цехтан «шыққан» білім білім бола ма?
11 қыркүйек, 18:39
Көпір қайда, көпір?!
Серіктестер жаңалықтары