jasqazaq.kz
Ақпарат агенттігі

Бекболат Тілеухан «Сирияға қару сатты» дегендерге жауап берді (видео)

11 қыркүйек, 15:06
1472

Бекболат Тілеухан "Сирияға қару сатты" дегендерге жауап берді (видео)

Бекболат Тілеухан әлеуметтік желіде өзін «Сирияға қару сатып жүр» деп айыптағандарға жауап берді. Оның айтуынша, үстінен жала жауып, ұйымдасқан қылмысқа қатысы бар деп көрсетіп отыр. Бұл туралы sputniknews.kz сайты хабарлады.

«Әлеуметтік желілерде менің атыма жала жабылған видео тарап жатыр. Бейнежазбада менің және басқа да бірнеше азаматтың аты айтылып, ұйымдасқан қылмысқа қатысты етіп көрсетеді «, — дейді депутат.

Осыған орай, Тілеухан Қазақстанның ұлттық қауіпсіздік қызметі мен ішкі істер министрлігіне видео авторларының үстінен шағым түсірген. Ол ақпарат таратушыларды анықтап, қатаң шара қолдануды сұрап отыр.

«Видеоны көрдім, өте жақсы спектакль жасаған. Бір адам ұсталып, сол жауап беріп отырған секілді. Адамдардың аты-жөнін айтады. Жала болғанда да, қисынға келмейтін нәрсені айтқан. Осы мәселеге байланысты менің абырой-беделіме нұқсан келтірген адамдарды табуды, видеода аты аталған барлық тұлғаны анықтауды ұлттық қауіпсіздік қызметінен, басқа да құқық қорғау органдарынан өтінемін», — деді Бекболат Тілеухан арнайы түсірілген видеода.

Айта кетейік, 10 қыркүйекте әлеуметтік желіде Бекболат Тілеуханның Сирияға қару сатуға қатысы бар екені айтылған видео тарады.

Ол видеода қолға түскен азамат көлік ішінде отырып техника шығаруға және оны сатуға қатысы бар адамдардың атын атайды.

«Қазанда Ұлттық қауіпсіздік қызметімен бірге бір іс бастадым. Ерқанат Құсайынов астанада департаментте жұмыс істейді. Біз техниканы шығардық, тағы бір әскери адам бар. Мен ақша салып, әскери адамнан техника сатып аламын. Ерқанат та ақша салды», — дейді ол.

Сондай-ақ, осы іске депутат Бекболат Тілеуханның да қатысы бар екенін айтады.

Ер адамның сөзіне қарасақ, видео астанада түсірілген.

 

16 қазан, 11:22
Қайталанған карантин
16 қазан, 11:08
«Хайп, лайк, пранк» дейтіндер көбейді
16 қазан, 10:57
Ауыл шаруашылығын қайтсек дамытамыз?
16 қазан, 10:40
Алаяққа арбалып қалмаңыз!
16 қазан, 10:35
Миссионермен "біртүрлі" әңгіме
16 қазан, 10:26
Қалталы ағайын ұлтының болашағын қаншаға бағалайды екен?!
16 қазан, 10:22
Цифрмен ойнау
16 қазан, 10:13
Алдаған арман
Серіктестер жаңалықтары