jasqazaq.kz
Ақпарат агенттігі

ҰБТ-да кезекші мұғалім талапкерге тест сұрақтарын көшіруге көмектескен (видео)

31 тамыз 2020, 11:15
461

ҰБТ-да кезекші мұғалім талапкерге тест сұрақтарын көшіруге көмектескен (видео)

ҰБТ-да кезекші мұғалім талапкерге тест сұрақтарын суретке түсіруге көмектескен. Ұлттық тестілеу орталығының директоры Дидар Смағұлов өзінің Facebook-тегі парақшасында оқиғаның видеосын жариялады.

«Өкінішке орай, тәртіпті қамтамасыз ететін кезекшінің өзі қылмыстық әрекетке байланысы бар екені туралы фактілер анықталды. Қараңыздаршы, қандай «батырлықпен» сұрақ кітапшасын фотоға түсіріп отырған баланы денесімен жауып тұрғанын.

Кем дегенде оның білім беру саласынан жұмыстан босатылуын, ал одан бетер шара ретінде қатал жауапкершілікке тартылуын талап ететін боламыз», — деп жазған ол.

Сонымен қатар, ҰБТ бейнежазбаларының қорытындысы бойынша, 158 тестіленушінің нәтижесі жойылған. Олардың 97-сі грант иегері атанған болатын, соның ішінде 138 балл алған түлек те бар екен.

Дидар Смағұловтың хабарлауынша, соған орай, әділ тапсырған, бірақ грантқа өтпеген 97 бала 2 апта ішінде грант иегерлері атанып, тіркеледі.

Толығырақ ҰТО парақшасында жарияланады.

05 наурыз, 14:30
Сенімді серіктестік жалғасады
05 наурыз, 14:19
Бақытымды сағынамын...
04 наурыз, 16:13
Халықтың жадында сақталуы тиіс
02 наурыз, 12:50
Кітапқұмар мен ойынқұмар
19 ақпан, 20:55
Бақытжан Сағынтаев: "Біз жағымсыз сценарийдің жүзеге асуына жол бермедік"
19 ақпан, 17:20
Айдос Жұқанұлы: Алаш қайраткерлері туралы жазғанымды небәрі 50 адам оқыды
19 ақпан, 15:03
«Отты отпен сөндіреді. Тіл тартысы бар қазаққа ортақ»
19 ақпан, 12:22
Айылдан шыққан мүсінші