jasqazaq.kz
Ақпарат агенттігі

700 миллионның жолы: шұрық-тесік

07 тамыз, 10:14
244

700 миллионның жолы: шұрық-тесік

Жолдың жайын жүрген білер. Теріскейде сапасыз сөнделген жол қайтадан бүліне бастаған. Сапасыз салынған жол Солтүстік Қазақстан облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет мамандарының назарына ілінді. Сарапшылар жергілікті сапа орталығымен бірге тексерісті бастап кетіпті.

Tengrinews.kz порталы хабарлағандай, Еленовка — Арықбалық — Чистополье — Есіл тас жолын жөндеуге бюджеттен 719 млн теңге бөлінген. Қомақты қаржыға жөнделген жолдың қазіргі жағдайы өте нашар. Әр жері ойылып, төселген асфальт шұрық-тесік. Ғабит Мүсірепов ауданына қарасты Чистополье ауылы маңында түсірілген суреттерден байқалғандай, кей жерлерде асфальт жарылып, шұңқыр пайда болған.

Солтүстік Қазақстан облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі хабарлағандай, «Сапалы жол» жобасы шеңберінде Ұлттық жол активтері сапасы орталығы мен тиісті мемлекеттік мекемелердің сарапшыларын тарта отырып, осы аумақта тексеру жүргізуді жоспарлап отыр. Осыған орай, жұмысты орындаған жауапкершілігі шектеулі серіктестікті міндеттемесіне салақ қараған орындаушы деп тану жөнінде мәселе көтеріледі.

Айта кеткен жөн, аталған бағыттағы жолдың ұзындығы 200 шақырымға созылып, облыстағы бірнеше ауданды басып өтеді. Күретамырдың отандық туризмнің әлеуетін арттырудағы маңызы ерекше. Өйткені автожол Ақмола облысымен шектесетін аумақта басталып, Солтүстік Қазақстан өңіріндегі Имантау-Шалқар туристік аймағына алып барады.

Миллиондар жұмсалып, жүрдім-бардым жөнделген осы жол қаржы бөлінген соң оның қалай игеріліп жатқанын бақыламайтын, жұмыс аяқталған соң оны дұрыс қабылдап алмайтын өрескел кемшіліктен арыла алмай жатқанымызды тағы да көзге шұқып көрсеткендей. Әйтпесе, жүздеген миллион теңге бөлінген жобада талап басты назарда болуы тиіс емес пе?

Жарас ШӨКЕ

25 қыркүйек, 12:47
Бақыр үшін базар жағалағандар
25 қыркүйек, 12:23
Біз қалайтын болашақ
25 қыркүйек, 12:20
Қалдық қауіп төндіреді
18 қыркүйек, 11:57
Осындай қалжың бола ма?
18 қыркүйек, 9:19
Әнші, әдептен озба!
18 қыркүйек, 9:13
Асыл тұқым азып барады
18 қыркүйек, 9:03
Диплом «саудасы» немесе цехтан «шыққан» білім білім бола ма?
11 қыркүйек, 18:39
Көпір қайда, көпір?!
Серіктестер жаңалықтары