jasqazaq.kz
Ақпарат агенттігі

Үй карантинін сақтамағандарға айыппұл салынатын болды

01 тамыз 2020, 19:39
16

Үй карантинін сақтамағандарға айыппұл салынатын болды

Алматы мемлекеттік бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин коронавирустық инфекцияның таралуының алдын алу үшін енгізілген қосымша шектеу шаралары туралы айтты.

«3 тамыздан бастап Алматыда түнгі 00:00 ден бастап COVID-19 таралуының алдын алу үшін қосымша шектеу шаралары енгізіледі. Бұл шектеулер ПТР талдауы оң нәтиже көрсеткен симптомсыз науқастарға қатысты болмақ», — деді әкімдіктен.

Бас санитарлық дәрігердің айтуынша, азаматтардың көпшілігі үй карантині талаптарын бұзады.

«Вирусты тасымалдап жүрген симптомсыз адамдар өте қауіпті. Гепатит А вирус да жақсы білеміз. Симптомсыз науқас 20 адамға дейін жұқтыра алады. Бұл көп жағдайда туған-туыс, көрші-қолаңға инфекцияның таралуына әкеледі. Сол үшін осы шектеуді енгізуге тура келді», — деді Ж.Бекшин.

Сонымен қатар, бұл заңбұзушылықтар үшін азаматтарға әкімшілік жауапкершілік қарастырылған. Қала тұрғындарына төнген қауіпті сейілту үшін ПТР талдауы оң, симптомсыз науқастардың жүріс тұрысы қадағаланатын болады.

Егер адам оқшаулануға мүмкінлігі болмаса +7 (727) 300-05-05, +7 (727) 300-01-03 нөмірлеріне хабарласып, карантин стационарына орналаса алады. Бұл мемлекет қаржысынан төленеді.

ҚазАқпарат

23 шiлде, 14:41
Ауру «сатқандар» Кімді алдайсың, қарағым?
23 шiлде, 14:32
Орға жыққан онлайн – махаббат
09 шiлде, 12:00
Қиналғанда қасыңда тіреу болған ағайын
02 шiлде, 11:43
Бір мая шөп – көпке үлгі
02 шiлде, 11:31
Екпе алудың пайдасын халыққа сауатты түрде түсіндіру қажет
02 шiлде, 11:27
Журналист мәртебесін көтереміз!
25 маусым, 12:34
Бесігімізді түзеуде неден сүріндік?
25 маусым, 12:32
Руға тартсақ, ескерткіш те, саябақ та болмайды