jasqazaq.kz
Ақпарат агенттігі

Шымкентте карантин кезінде ойынханалар жұмыс істеп тұрған (видео)

01 тамыз 2020, 10:26
20

Шымкентте карантин кезінде ойынханалар жұмыс істеп тұрған (видео)

Шымкентте карантин кезінде жұмысын тоқтатпаған ойынхана анықталды.

30 шілдеде Еңбекші ауданы бойынша жүргізілген жедел профилактикалық іс-шаралар нәтижесінде Шымкент қаласы бойынша бас мемлекеттік санитар дәрігер қаулысының талаптарын сақтамай, түнгі 23.00 шамасында «THE GAME» ойынханасы жұмыс жасап тұрғаны анықталды. Бұл нысан Шымкент қаласы 18-мөлтекаудан Т.Рысқұлов көшесі бойында орналасқан.

Тексеру барысында ойынхана ішінде 11 адамның болғаны анықталып, ойынхана иесіне заңды шара қолдану үшін Еңбекші ауданы тауарлар мен көрсетілетін қызметтер сапасының қауіпсіздігін бақылау басқармасына және ойынхананың заңдылығын тексеру үшін Шымкент қаласы бойынша мемлекеттік кірістер департаментіне іс-құжаттар жолданды.

31 шілдеде Темірлан тас жолы бойындағы «Алаш» базарының аумағында орналасқан атауы жоқ ойынхана карантин режиміне қарамастан жұмыс жасап тұрғаны анықталды.

Аталған жайт бойынша ойынхана әкімшісінен түсініктеме алынды. Онда жеке кәсіпкер ғимарат ішінде қызметшілер мен күзетші болғанын көрсеткен.

Дегенмен, жинақталған дәлелдемелерді басшылыққа ала отырып, ҚР ӘҚБтК 425-бабы 1-бөлігімен тиісті шара қолдану үшін Шымкент қаласы тауарлар мен көрсетілетін қызметтер сапасының қауіпсіздігін бақылау басқармасына іс-құжаттар жолданды.

Polisia.kz

23 шiлде, 14:41
Ауру «сатқандар» Кімді алдайсың, қарағым?
23 шiлде, 14:32
Орға жыққан онлайн – махаббат
09 шiлде, 12:00
Қиналғанда қасыңда тіреу болған ағайын
02 шiлде, 11:43
Бір мая шөп – көпке үлгі
02 шiлде, 11:31
Екпе алудың пайдасын халыққа сауатты түрде түсіндіру қажет
02 шiлде, 11:27
Журналист мәртебесін көтереміз!
25 маусым, 12:34
Бесігімізді түзеуде неден сүріндік?
25 маусым, 12:32
Руға тартсақ, ескерткіш те, саябақ та болмайды