Павлодарда жаңа футбол клубы құрылды. Бұл туралы KazFootball.kz сайтына сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлады.
Павлодарда «Ертіс» футбол клубы жабылғаннан кейін жаңа «Павлодар» футбол клубы құрылды. Клубтың штаты әлі жасақталған жоқ. Бірақ жаңа клубтың алдында 2021 жылы Екінші Лигада алғашқы ойынын өткізу, ал 2023 жылы Премьер-лигада ойнау секілді үлкен міндеттер тұр.