jasqazaq.kz
Ақпарат агенттігі

Көлікте, үй ауласында маска тағу міндетті ме?

01 тамыз 2020, 13:56
1517

Көлікте, үй ауласында маска тағу міндетті ме?

Егер адам көлікте келе жатса, маска тағуға міндетті ме? Бұл сұраққа Денсаулық сақтау министрлігі жауап берді. Бұл туралы www.coronavirus2020.kz сайты хабарлады.

«Егер қоғамдық көлікте (автобус, пойыз, ұшақ кеме немесе такси) болса, онда міндетті. Ал егер жеке көлік болса, міндетті емес. Мұнда жеке көлікте, бір отбасы мүшелеріне маска тағу міндеттелмейді. Бірақ біз маска тағу ауру қаупін 30% төмендететінін көрсететін ғылыми негіздемені ескере отырып, оны тағуға кеңес береміз», делінген хабарламада.

Сондай-ақ, министрлік өз үйлерінің аулаларында маска тақпауға, ал көп қабатты үй ауласында масканы тағып жүруге міндеттелетін жеткізді.

«Жеке үйдің ауласында тақпауға болады. Көп қабатты тұрғын үйдің ауласында жүрсе, маска тағуы керек. Бес жасқа дейінгі балаларды қоспағанда, сондай-ақ әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, отбасы мүшелерінің серуендеу кезінде де бетперде тағуы қажет», — деп толықтырды министрлік.

22 қантар, 13:53
America 2.0
22 қантар, 11:33
Жұрт күтіп отыр. Ереже «кабинет аралап жүр»
22 қантар, 11:28
«Мен байығанда, өкініп қалмаңыз!»
22 қантар, 11:22
Ұлттық ерекшелігіміз ескерілсін
22 қантар, 11:18
Бабалар сабақтастығын үзуден басқа ештеңе емес!
22 қантар, 11:10
Алаяқ әйелдің амалы
22 қантар, 11:07
Біз ешқашан еуропалық болмаймыз!
22 қантар, 10:58
Орға апарған озбырлық
Серіктестер жаңалықтары