jasqazaq.kz
Ақпарат агенттігі

Бетперде тағуға міндеттеуге дәрігерлер де, заңгерлер де қарсы (видео)

01 тамыз, 10:39
1229

Бетперде тағуға міндеттеуге дәрігерлер де, заңгерлер де қарсы (видео)

Бас санитар дәрігердің көшеде бетперде тағып жүруді міндеттегеніне заңгерлер ғана емес, дәрігерлер де қарсы. Олардың айтуынша, бетпердені ұзақ уақыт тағу денсаулыққа кесірін тигізеді. Әсіресе балаларға аса қауіпті екен. Өйткені олардың тыныс алу жолдары тым тар. Соның салдарынан өкпесіне ауа жетпей, тұншығып қалуы әбден мүмкін. Одан қалды, құжатта демікпесі мен созылмалы аурулары бар азаматтардың жайы мүлдем ескерілмепті. Бас санитар дәрігердің таза ауа жұтуға тыйым салғандай болған жаңа қаулысының шала тұстары туралы тілшіміз сұрап білді. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлады.

-Әсіресе далада ұзақ уақыт бетпердемен жүргенде, ол созылмалы ауруларды ушықтыруы мүмкін. Бұл жаман..

Оксана Леонтьева 25 жылдық тәжірибесі бар бала дәрігері. Күні кеше ғана шыққан бетпердені көшеде де тағып жүру міндеттемесіне ол үзілді-кесілді қарсы. Айтуынша, бас санитар дәрігердің қаулысы індеттен сақтандырғаннан бұрын, тұншықтырады дейді.

Оксана Леонтьева, бала дәрігері:

-Егер көшеде жалғыз келе жатқан болсаңыз, жақын маңда адамдар болмаса, онда сіз ешкімге қауіпті емессіз. Таза ауамен тыныстау үшін бетпердені шешуге болады. Бетперде тек екі сағатқа ғана жарамды. Одан ұзақ уақытқа пайдаланатын босла, бетперде ылғалданып, инфекция жиналады. Одан бөлек, өкпесі ауыратын азаматтардың да барын ұмытпаған жөн. Ондай сырқаттарға ұзақ уақыт бетперде тағып жүру, керісінше ,қауіп төндіреді.

Педиатр әсіресе балақайлардың аузы-мұрнын тұмшалауға қарсы. Өйткені олардың тыныс алу жолдары кішкентай. Яғни ауа емін-еркін өтіп тұруы тиіс. Дәрігер ата-аналарға бетперденің орнына баламен көшеде жүргенде бесігіне мата жабуға кеңес береді. Айтуынша, тұрғындардың көбі маталардан бетперде тігіп алуды әдетке айналдырған. Дәрігер оны құптамай отыр. Ауа өткізбейтін маталарды медициналық дәкеге алмастырған жөн дейді. Бас санитар дәрігердің қаулысымен заңгерлер де келісіп отырған жоқ.

Сергей Уткин, заңгер:

-Бас санитар дәрігердің қаулысы пісіп-жетілдірілмеген. Егер құжаттағы талапты орындайтын болсақ, онда біз үйдің ішінде де бетперде тағып жүруге міндеттіміз. Яғни ешқашан шешпеу керек деген сөз. Сонда қалай? Онда үйде бетпердесіз жүргенімізді біреу көріп, суретке түсіріп алса, онда айыппұл төлеуге мәжбүр боламыз. Бұлай болмайды. Ондай ақшаны төлеуге азаматтардың жағдайы да жоқ.

Сергей Уткиннің пікірінше бас санитар дәрігер демікпесі бар азаматтардың жайын ескермеген. Яғни ауруына байланысты көшеде бетперде тақпай, 83 мың теңге айыппұлдың астында қалған мұндай тұрғындар сотта жеңіп шығуы әбден мүмкін. Жұртқа көшеде жаппай бетперде тағып жүруді міндеттегендер көпбалалы отбасылардың да тұрмысын елемеген сияқты.

Айман Исаева, көпбалалы ана:

-100 теңгеден сатылады, мен оны сатып ала алмаймын. Кейде ақша болмағанда қарызға кіріп күн көрем. Көрші дүкендерге барамын. Әйтеуір бір айдан бір айға әрең күн көреміз. Күйеуім ақшаны әр қалай табады. Бір күні төрт мың, бір күні бес мың. Бірде болса, бірде болмайды, Мен былтыр жәрдемақы алғанмын, биыл оны қуалай алған да жоқпын. Онлайн деді, онлайн тілді түсінбедім.

Отбасының бетперде сатып алмақ түгілі, азық-түлік алуға шамасы жоқ. Келіншекке әкімдік көмек ретінде сәуір айында бетперде берген екен. Соны сары майдай сақтап, кезек-кезек киіп жүр. Оның өзінде тек дүкенге ғана киіп барады. Ал аулаға шығып ойнаудан қағылған бала-шағасы қуықтай бөлмеде қамалып отыруға мәжбүр.

Бүгін, 10:30
Жақсылық батырым туралы естелік
Бүгін, 10:07
Дәрі шөптің қадірін білейік!
31 шiлде, 12:38
Кеселге қарсы күрес – көкейкесті міндет
31 шiлде, 12:25
Полиция беделі – қоғам абыройы
31 шiлде, 12:19
Ковид деп жүргенде...
31 шiлде, 12:16
Мұрат Бақтиярұлы: Біз тәрбиесіз «мәдениетті» көбірек қабылдадық
24 шiлде, 11:46
Мақсұт Жұмаев: Бізге жаңа жобалар қажет
24 шiлде, 11:41
Тілі ащы әйел
Серіктестер жаңалықтары