jasqazaq.kz
Ақпарат агенттігі

Сеніп тапсырылған қойларды сатып жіберген

30 маусым, 11:39
117

Сеніп тапсырылған қойларды сатып жіберген

Түркістан облысының полицейлері өзі бағып жүрген қойды ұрлап, сатып жіберген бақташыны ұстады.

Түлкібас АПБ-не жергілікті тұрғын арызданды. Ол өз арызында ауданның ауылдарының біріндегі шаруа қожалыққа 15 бас саулық қойын апарып, бағуға сеніп қосқанын, біршама уақыттан кейін малдарын түгелдеуге барғанында 10 бас қойы жоқ болып шыққанын жеткізді. Аталған жайт ҚР ҚК-нің 189-бабы “Сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемденіп алу немесе талан-таражға салу” бойынша тіркеліп, СДТТБТ-не енгізілді. Оқиға орнына аудандық тәжірибелі полицейлерден құрылған жедел–тергеу тобы жетіп, қажетті іс-шараларды жүзеге асырды. Куәгерлерден жауап алып, жақын аймақтарды аралап шығып, мұқият тексеру жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде үш тәулік бойы жүргізілген іздестіру шарасы барысында жинақталған ақпарат көздері арқылы бұл қылмысқа жәбірленуші малын сеніп тапсырған бақташының қатысы бары анықталды. Ол Жамбыл облысының тұрғыны, өз кінәсін толық мойындады.​​​​​​​​​​Тергеу барысында бақташы қойларды түрлі бағаға бағалап, Түлкібас ауданында сатып жібергені белгілі болды. Ақшасын өз қажеттілігіне жаратып жіберген. Тәртіп сақшылары айғақты зат ретінде ұрланып, сатылған малдарды тәркілеп алды. Заңды иесіне қайтарды. ​​​​​​​​Қазіргі таңда бақташы Түлкібас АПБ-не жеткізіліп, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Күдіктінің бас шарасы қолхатпен босатылды. Түркістан облысының полицейлері тұрғындарға өздеріңіздің мал-мүліктеріңізді жақын таныс емес адамға сеніп, тапсырмауды ескертеді.

Ақпарат көзі: Polisia.kz

Бүгін, 10:17
Тоқаевтың үкімет отырысындағы сөзінің толық мәтіні
10 шiлде, 12:05
Ақпараттың ақмылтығы еді
06 шiлде, 11:22
Тағдыры талқан болғандар...
06 шiлде, 10:46
Ұйымдастыру жағы ақсап тұр
26 маусым, 11:43
Фейкпен күн көретін сайттар бар
26 маусым, 11:39
Қазақ басылымдары қайтсе көгереді?
26 маусым, 11:35
Сотқардың сазайын берген балуан
26 маусым, 11:29
Ұпайды бейнетсіз табу
Серіктестер жаңалықтары