jasqazaq.kz
Ақпарат агенттігі

Ресейде ДАИШ мүшесі теракт жасамақ болған

30 маусым, 15:54
3

Ресейде ДАИШ мүшесі теракт жасамақ болған

Ресейдің Федералдық қауіпсіздік қызметі Владикавказда лаңкестік әрекеттің жолын кесіп, жарылыс ұйымдастырмақ болған «Ислам мемлекеті» халықаралық террористік ұйымының (ДАИШ) мүшесін ұстады. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.

«Федералдық қауіпсіздік қызметі Владикавказда лаңкестік әрекеттің жолын кесті. Өткізілген шаралардың нәтижесінде 1990 жылы туған Ресей азаматы ұсталды. Ол әкімшілік ғимараттардың бірінің жанында қолдан жасалған жарылғыш затты іске қоспақ болған. Кейін Ресей аумағында тыйым салынған ДАИШ халықаралық лаңкестік ұйымының қызметіне қатысу үшін Таяу Шығысқа шығып кетуді жоспарлаған», — деп хабарлайды ТАСС агенттігі ФҚҚ Қоғамдық байланыс орталығына сілтеме жасап.

ФҚҚ мамандары оның жасырып қойған орнынан жарылғыш затты жасауға арналған құралдарды, сондай-ақ оның қылмыстық әрекеттерін әшкерелейтін ДАИШ-тің шетелде жүрген мүшелерімен электрондық хаттары анықталды. РФ ҚК 205.5-бабының 2-бөлігімен («Лаңкестік ұйымның қызметіне қатысу») қылмыстық іс қозғалды, сондай-ақ РФ ҚК 30-бабының 3-бөлігі және 205-бабының 1-бөлігі («Лаңкестік әрекетке оқталу») бойынша қылмыстық істерқозғау мәселесі шешілуде.

Бүгін, 10:17
Тоқаевтың үкімет отырысындағы сөзінің толық мәтіні
10 шiлде, 12:05
Ақпараттың ақмылтығы еді
06 шiлде, 11:22
Тағдыры талқан болғандар...
06 шiлде, 10:46
Ұйымдастыру жағы ақсап тұр
26 маусым, 11:43
Фейкпен күн көретін сайттар бар
26 маусым, 11:39
Қазақ басылымдары қайтсе көгереді?
26 маусым, 11:35
Сотқардың сазайын берген балуан
26 маусым, 11:29
Ұпайды бейнетсіз табу
Серіктестер жаңалықтары