jasqazaq.kz
Ақпарат агенттігі

Министр әрбір отбасы вируспен бетпе-бет келетінін жеткізді

30 маусым, 12:20
14

Министр әрбір отбасы вируспен бетпе-бет келетінін жеткізді

Коронавирустық инфекцияны тұрақтандыру жөніндегі шаралар туралы денсаулық сақтау министрі Алексей Цой айтып берді. Бұл туралы Stan.kz хабарлады.

Бүгінде елімізде коронавирус жұқтырған адамдар саны 40 мыңға жуықтады дейді министр. Оның сөзінше, вирус қазір бір адамға ғана емес бір отбасы мүшелерінің барлығына дерлік кері әсерін тигізуде. Сол себепті қазақстандық отбасылардың барлығы вируспен күресуі керек деп атап өтті министр.

«Қазіргі таңда елдегі жағдай «инфекцияның үйде таралуы» деңгейіне өтті. Вирус халық арасында таралып жатыр. Өкінішке орай, әрбір отбасы осы вируспен бетпе-бет келді деп айтуға болады. COVID-19 инфекциясының таралуы күн сайын артып келеді. 30 маусымдағы есеп бойынша елімізде 40 мыңдай адам вирус жұқтырған», — дейді министр.

Оған қоса, елімізде дәрігерлердің тапшылығы орын алып жатыр. Өйткені вирус оларға да жеткен деп түсіндірді Алексей Цой. Алайда, бұл олқылықтар алдағы уақытта реттелетін болады дейді министр.

«Соңғы кездері медициналық орталықтар үздіксіз жұмыс істеп жатыр, медицина қызметкерлері де науқастармен үнемі байланыста болғандықтан, өздері де ауырып қалып жатыр. Бұл кадр тапшылығына әкеліп соғуда. Бірақ, қажетті құралдар жеткілікті, соның негізінде жұмыс істеліп жатыр», — дейді Алексей Цой.

Бүгін, 10:17
Тоқаевтың үкімет отырысындағы сөзінің толық мәтіні
10 шiлде, 12:05
Ақпараттың ақмылтығы еді
06 шiлде, 11:22
Тағдыры талқан болғандар...
06 шiлде, 10:46
Ұйымдастыру жағы ақсап тұр
26 маусым, 11:43
Фейкпен күн көретін сайттар бар
26 маусым, 11:39
Қазақ басылымдары қайтсе көгереді?
26 маусым, 11:35
Сотқардың сазайын берген балуан
26 маусым, 11:29
Ұпайды бейнетсіз табу
Серіктестер жаңалықтары