jasqazaq.kz
Ақпарат агенттігі

КВИ-ді емдеу хаттамасына өзгеріс енгізілді

30 маусым, 15:48
93

КВИ-ді емдеу хаттамасына өзгеріс енгізілді

COVID- 9 коронавирус инфекциясын диагностикалау және емдеу клиникалық хаттамасына толықтырулар енгізілді.

Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Людмила Бюрабекова Facebook-парақшасында жазды. «COVID-19-ды диагностикалау және емдеу клиникалық хаттамасының 10-редакциясына коронавирус инфекциясын емдеуде айтарлықтай толықтырулар енгізілді. COVID-19 кезінде бактерияға қарсы терапияны бактериялық инфекция қосылған жағдайда ғана қолдануға баса назар аударылды. COVID-19 кезінде өкпенің вируспен зақымдануы эмпирикалық бактерияға қарсы терапияны бастау үшін көрсеткіш бола алмайды», — деді вице-министр. Оның атап өтуінше, хаттаманы әзірлеушілер COVID-19-дың ауырлық деңгейі орташа науқастарға вирусқа қарсы препараттарды стационарға жатқызғанға дейін амбулаторлық жағдайда қолдану ұсынысын құптаған. Бұл үшін хаттамаға амбулаторлық кезеңде емдеу сызбасы қосылып отыр: гидроксихлорохин және Лопинавир/ритонавир. «Бұған қоса, ендігі уақытта пациенттер стационар деңгейінде Жапония мен Ресейде COVID- 19-ды емдеуде кеңінен қолданылған Фавипиравир дәрісін ала алады», — деді Людмила Бюрабекова.

ҚазАқпарат

Бүгін, 10:17
Тоқаевтың үкімет отырысындағы сөзінің толық мәтіні
10 шiлде, 12:05
Ақпараттың ақмылтығы еді
06 шiлде, 11:22
Тағдыры талқан болғандар...
06 шiлде, 10:46
Ұйымдастыру жағы ақсап тұр
26 маусым, 11:43
Фейкпен күн көретін сайттар бар
26 маусым, 11:39
Қазақ басылымдары қайтсе көгереді?
26 маусым, 11:35
Сотқардың сазайын берген балуан
26 маусым, 11:29
Ұпайды бейнетсіз табу
Серіктестер жаңалықтары