jasqazaq.kz
Ақпарат агенттігі

Қытайда жасалған коронавирусқа қарсы вакцина әскери препарат деп танылды

30 маусым, 15:18
130

Қытайда жасалған коронавирусқа қарсы вакцина әскери препарат деп танылды

Қытайдың жеке және әскери ғылыми-зерттеу институттары бірге жасап шығарған коронавирусқа қарсы Ad5-nCoV вакцинасын Орталық әскери кеңес мақұлдады. Ол бұдан былай «арнайы әскери препарат» ретінде Қытай әскерінде қолданылатын болды. Бұл туралы жергілікті Global Times агенттігіне сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлады.

ҚХР Орталық әскери кеңесі материалдық-техникалық қамтамасыз етудің біріккен күштеріне қарасты гигиена және денсаулық сақтау мәселелері басқармасы рекомбинатты екпені бір жылға пайдалануға рұқсат берді. «Бұл вакцина әскерде ғана қолданылады, ал көпшілік қауымның пайдалануы үшін ҚХР Орталық әскери кеңесі тиісті департаментінің рұқсатын алу керек» деп жазады Global Times. БАҚ өкілдерінің хабарлауынша, жалпы клиникалық нәтиже Ad5-nCoV вакцинасының SARS-CoV-2 вирусынан туындайтын аурулардың алдын алуға шамасы жететінін көрсетіп отыр. Ad5-nCoV екпесінің клиникалық тестіден өткізудің бірінші және екінші сатысы Қытайда өткен. Тест нәтижесі қауіпсіздіктің жақсы деңгейін және гуморальды және жасушалық иммундық жауаптың жоғары деңгейін көрсеткен.

Бүгін, 10:17
Тоқаевтың үкімет отырысындағы сөзінің толық мәтіні
10 шiлде, 12:05
Ақпараттың ақмылтығы еді
06 шiлде, 11:22
Тағдыры талқан болғандар...
06 шiлде, 10:46
Ұйымдастыру жағы ақсап тұр
26 маусым, 11:43
Фейкпен күн көретін сайттар бар
26 маусым, 11:39
Қазақ басылымдары қайтсе көгереді?
26 маусым, 11:35
Сотқардың сазайын берген балуан
26 маусым, 11:29
Ұпайды бейнетсіз табу
Серіктестер жаңалықтары