jasqazaq.kz
Ақпарат агенттігі

Атамбаев абақтыдан ауруханаға ауыстырылды

30 маусым, 11:58
5

Атамбаев абақтыдан ауруханаға ауыстырылды

29 маусымда Қырғызстанның бұрынғы президенті Алмасбек Атамбаев денсаулығы нашарлағанын айтып шағымданғаннан кейін одан COVID-19 вирусына ПТР-сынама алынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Кабар агенттігіне сілтеме жасап.

Мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитетінің мәліметінше, Атамбаевтың тесті теріс нәтиже көрсеткен. Сол күні дәрігерлер онлайн консилиум өткізді, содан кейін оған «екіжақты пневмония» диагнозы қойылды. Осыған байланысты дәрігерлер консилиумы А.Атамбаевты стационарлық ем қабылдау үшін ауруханаға көшіру туралы шешімі қабылдады. Айта кетейік, байланысты азайту және коронавирус таралмас үшін комитеттің тергеу изоляторында физикалық байланысты қоспағанда, кездесулер мен қабылдауды әйнек қоршау арқылы өткізу ұсынылды. Ведомство хабарлағандай, өткен аптада Атамбаев адвокаттармен және туыстарымен бірнеше рет кездесіп, құжаттар мен заттарды қолымен тапсырған.

Бүгін, 10:17
Тоқаевтың үкімет отырысындағы сөзінің толық мәтіні
10 шiлде, 12:05
Ақпараттың ақмылтығы еді
06 шiлде, 11:22
Тағдыры талқан болғандар...
06 шiлде, 10:46
Ұйымдастыру жағы ақсап тұр
26 маусым, 11:43
Фейкпен күн көретін сайттар бар
26 маусым, 11:39
Қазақ басылымдары қайтсе көгереді?
26 маусым, 11:35
Сотқардың сазайын берген балуан
26 маусым, 11:29
Ұпайды бейнетсіз табу
Серіктестер жаңалықтары