jasqazaq.kz
Ақпарат агенттігі

Шымкенттегі балабақшалар 25 мамырдан бастап ашылатын болды

22 мамыр, 15:08
152

Шымкенттегі балабақшалар 25 мамырдан бастап ашылатын болды

Шымкенттегі балабақшалар 25 мамырдан бастап ашылатын болды. Бұл туралы қалалық білім басқармасының басшысы Жанат Тәжиева мәлімдеді.

Басқарма басшысының айтуынша, мектепке дейінгі мекемелерге балаларды қабылдауы бойынша жаңа алгоритм қабылданған. Оған сәйкес, балабақшаға барғысы келетін балалар мен ондағы тәрбиешілерден денсаулығы туралы анықтама талап етіледі.

«Алгоритмге сәйкес, бірінші кезекте баланы педиатрдың анықтамасымен қабылдайтын боламыз. Баланың денсаулығы жақсы екенін дәлелдейтін құжаттарды сұраймыз. Сонымен қатар, балабақшадағы қызметкерлердің де денсаулықтары жөнінде әрқайсысынан анықтамасын талап етеміз. Бұдан бөлек, ата-анасы немесе олармен қарым-қатынастағы туыстарының да саулығы жазылған құжаттарын сұратып, арнайы тексеруден кейін ғана балаларды балабақшаға кіргіземіз»,- деді Жанат Тәжиева.

Басқарма басшысы бұл жүйенің сақтық шаралары мен қоғам қауіпсіздігі үшін қолға алынғанын айтады. Оның сөзінше, әр топтағы бала саны 15-тен аспайды. Қазіргі кезде осы мақсатта арнайы тізім жасақтала бастаған. балабақшаға келуші бүлдіршіндер мен барша қызметкерлердің сәт сайын дене қызуы тексеріліп, қолдары арнайы антисептиктермен залалсыздандырылып отырмақ. Қаланың бас педагогы сақтық шаралары үшін балалардың ара қашықтығы сақталып, балабақша аумағы, ғимараттың іші мен сыртында санитарлық талаптар қатаң сақталатынын жеткізді.

Айта кетейік, бүгінде миллионнан аса халық тұратын қалада барлығы 529 балабақша бар.

Онда 77 мыңнан аса бүлдіршін тәрбиеленеді.

ҚазАқпарат

29 мамыр, 14:00
Пышақ жалаңдатқан бала
29 мамыр, 13:50
Сиыр көп те, сүт аз
29 мамыр, 11:48
Сақшы бейнесі сайқымазақ емес
29 мамыр, 11:42
"Маска - шоу"
29 мамыр, 11:39
Оқулық оңбаса, дұрыс білім бола ма?
29 мамыр, 11:24
Делдалдан арылу
29 мамыр, 11:11
«Елім –айдан» - «...белім -айға» дейін...
22 мамыр, 11:04
"Теңізді" толқытқан бір тамшы вирус
Серіктестер жаңалықтары