jasqazaq.kz
Ақпарат агенттігі

Алматының жолдарына тағы “Сергек” камералары орнатылады

22 мамыр, 17:20
38

Алматының жолдарына тағы “Сергек” камералары орнатылады

Алматы қаласына тағы 380 “Сергек” камерасын орнату жоспарланды. Төрт айдың қорытындысы бойынша тіркелген жазатайым оқиғалардың саны 28,4% азайды. Жәбірленушілермен барлығы 765 жазатайым оқиға тіркелді, соның салдарынан 23 адам қайтыс болды, 884 адам жарақат алды.

– Апаттар санының азаюы “Сергек” АПК бейнебақылау камераларын орнатумен байланысты. Қазіргі уақытта Алматыда 404 “Сергек” камерасы жұмыс істейді. 2020 жылдың аяғына дейін қосымша 380 камераны (210 жол қиылысы, 170 сызықты аймақтарда) орнату жоспарланып отыр. 2020 жылдың төрт айында “Сергек” АПК камераларында 60 мыңнан астам жол қозғалысы ережелерінің бұзылуы анықталды. 436 миллион теңгеден астам сомада айыппұл салынды. Сондай-ақ, қалада 105 посттан тұратын “БДД” ААЖ құрылды. Камералар орнатылған жерлерде жыл сайын жол қозғалысы ережелерінің бұзылуы 20%-ға төмендеді. Осы жылдың төрт айында “БДД” ААЖ 77 мыңнан астам жол қозғалысы ережелерін бұзушылықты анықтады. 394 миллион теңге көлемінде айыппұл салынды, – деді Алматы қалалық Полиция департаментінің басшысы Қанат Таймерденов.

Жыл басынан бері қала жолдарында 214 506 жол ережелерін бұзу фактілері анықталды. 1 миллиард 267 миллион 533 мың теңге айыппұл салынды.

– Әкімшілік жауапкершілікке 76 мың 648 ереже бұзушы тартылды, оның ішінде 74 мың 479 жүргізуші, 276 жүргізуші мас күйінде көлік жүргізгені үшін ұсталған. Сот 379 жүргізушіні көлік құралын басқару құқығынан айырды. 235 жүргізуші әкімшілік қамауға алынды. Қаладағы көліктер паркі – 536 мың 341 көлік құралын құрайды, – деді Қанат Таймерденов.

Ақпарат көзі: Polisia.kz

29 мамыр, 14:00
Пышақ жалаңдатқан бала
29 мамыр, 13:50
Сиыр көп те, сүт аз
29 мамыр, 11:48
Сақшы бейнесі сайқымазақ емес
29 мамыр, 11:42
"Маска - шоу"
29 мамыр, 11:39
Оқулық оңбаса, дұрыс білім бола ма?
29 мамыр, 11:24
Делдалдан арылу
29 мамыр, 11:11
«Елім –айдан» - «...белім -айға» дейін...
22 мамыр, 11:04
"Теңізді" толқытқан бір тамшы вирус
Серіктестер жаңалықтары