jasqazaq.kz
Ақпарат агенттігі

Алматыда киім-кешек базарлары қашан ашылады?

22 мамыр, 18:03
959

Алматыда киім-кешек базарлары қашан ашылады?

Алматыда жабылған базарларды ашу кезең-кезеңмен жүзеге асырылады: қаладағы эпидемиологиялық жағдайға және нысандардың карантиндік шараларға дайындық деңгейіне байланысты.

Алматы кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының басшысы Еркебұлан Оразалин арнайы брифингте 25 мамырдан бастап карантин жарияланған кезден бастап жабық тұрған азық-түлік пен әмбебап базарларға қатысты шектеулерді алынуы жоспарланып отырғанын айтты. Бірақ, әзірге олардың тек азық-түлік бөлігіне ғана жұмыс істеуге рұқсат етілген.

Азық-түлікке жатпайтын базарлардың жұмысы 1 маусымнан бастап қайта жанданады деп жоспарлануда.

Ашылуға дайындық деңгейін міндетті түрде бағалаудан кейін ғана нысандардың ашылатыны-ашылмайтыны нақты белгілі болады.

Бағалау жасау үшін өтініштер күн сайын мына байланыс желісі арқылы қабылданады (+7 775 882 55 39, +7 775 882 57 08, +7 775 882 55 46, +7 775 882 54 16, +7 775 882 56 02, +7 775 882 53 12, +7 775 882 56 49, +7 775 882 52 00, +7 775 882 56 72, +7 775 882 53 92), сондай-ақ электронды пошта арқылы (объектілер орналасқан жерде) Infoalmaly@mail.kz — Алмалы ауданы , Infoauezov@mail.kz — Әуезов ауданы, Infobostandyk@mail.kz — Бостандық ауданы, Infozhetysu@mail.kz — Жетісу ауданы, Infonauryzbay@mail.kz — Наурызбай ауданы, Infoturksib@mail.kz — Түрксіб ауданы.

Сонымен қатар, облыстан келетін қызметкерлерге қалаға кіруге және шығуға рұқсат етілгенін хабарлаймыз. Қалаға кірудің міндетті шарты — олардың деректерін almaty.infokazakhstan.kz мәліметтер базасына енгізу. Бұл тіркеу нысандардың жұмысына рұқсат берілгеннен кейін мүмкін болады, — деді Оразалин.

zakon.kz

29 мамыр, 14:00
Пышақ жалаңдатқан бала
29 мамыр, 13:50
Сиыр көп те, сүт аз
29 мамыр, 11:48
Сақшы бейнесі сайқымазақ емес
29 мамыр, 11:42
"Маска - шоу"
29 мамыр, 11:39
Оқулық оңбаса, дұрыс білім бола ма?
29 мамыр, 11:24
Делдалдан арылу
29 мамыр, 11:11
«Елім –айдан» - «...белім -айға» дейін...
22 мамыр, 11:04
"Теңізді" толқытқан бір тамшы вирус
Серіктестер жаңалықтары